358
Магний концентрациясының жоғарылауы, құрамында
магний бар препараттарды мөлшерден тыс пайдаланғанда орын
алады. Бұл кезде, жүрек алыну, іш өту, селсоқтық және жүрек
ритмінің өзгеруі байқалады. Магнидің тәуліктік қажетті мөлшері:
20 -40 жастағы ерлер үшін – 400 мг, 40 жастан кейін - 420 мг;
20 - 50 жас аралығындағы әйелдерге – 300 мг, 50 жастан үлкендерге
280 мг. Магний - жаңғақ, жержаңғақ, күнжіт, тұқымдар, кальмар,
жұмыртқа, көк өністерде, цитрустарда және атбас бұршақтар,
жасымық, жармалар - қарақұмық, сұлы жармасы, тары, інжу
арпа, банан, асқабақ, кебек және какао, теңіз орамжапырағы,
теңіз балықтары және жаңа сүт өнімдері құрамында болады.
Достарыңызбен бөлісу: