368
судың мөлшері біртіндеп азая береді. Ересектер үшін судың
тәуліктік қажетті мөлшері 1кг салмаққа 40 , немесе
биологиялық тотығу тізбегінде түзілетін эндогенді суды ( 350-400
мл) қосып есептегенде, 2500 мл шамасында, яғни 2,5 литр
болады. Су молекуласы ересек адамның ағзасында 15 күн, сәби
ағзасында 5 күнге дейін өмір сүреді. Қалыпты жағдайда организмге
түсетін және шығарылатын су арасында тепе-теңдік сақталады.
(9.4). [152].
Клеткааралық интерстициальды сұйықтық көлемінің ауытқуы
органдардың қызметіне айтарлықтай әсер етпейді. Клетка
сыртындағы
сұйықтықтың
тамырдағы
бөлігі
өзгерістерге
тұрақсыздау, сондықтан қатаң бақылануы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: