Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


тіндерде жиналады. Мыс - бауыр, көк бауыр, бас миы, көздің қасаң, мүйізді қабатында жиналады, аминоацидурия пайда болады



Pdf көрінісі
бет270/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 
тіндерде жиналады. Мыс - бауыр, көк бауыр, бас миы, көздің
қасаң, мүйізді қабатында жиналады, аминоацидурия пайда болады.
 
Мыстың бауырда жиналуы, гепатоциттерде қабыну процесін 
 
тудырады және гепиатоциттерді өлімге ұшыратады, фиброз
 
дамиды; өт жолдары бітеледі, цирроз дамиды; бас миы
нейрондары өледі және қуыстар пайда
болады. Эссенциальды 
микроэлементтерге: темір, мырыш, марганец, хром, селен, 
молибден, йод, кобальт жатады. Бұл элементтер көптеген маңызды 
биохимиялық процестерге қатысады.
Тіндердің дегенерациялануы салдарынан – Вильсон-Коновалов 
ауруы (тұқым қуалайды ) пайда болады. Бұл кезде, ми тіндерінің
зақымдануынан ауыр неврологиялық белгілер пайда болады. Аяқ – 
қолдары, бүкіл денесі дірілдейді, бұлшық еттің тонусы 
жоғарылайды, кейде ауырсыну мен қатар жүретін құрысу, 
сөйлеудің, жұтудың бұзылуы және ақыл – естің төмендеуі
байқалады. Дер кезінде ем қабылдап, мыстың токсиндік әсері бар 
артық мөлшерін организмнен шығармаса, бұл жағдайда мыс -
жүйке-жүйесін, ішкі органдарды зақымдайды, бауыр циррозы 
дамиды, эпилепсия пайда болады және ауыру адам 5 – 7 жыл
арасында қайтыс болады. [29]. 
Кобальт (Co) 
– Адам организмі үшін маңызды эссенциальды 
микроэлементтердің бірі. Организмде жүретін процесстер үшін 
маңызы зор. Мысалы, В
12 
– дәруменінің құрылымдық бірлігі 
ретінде ферментативті реакцияларға, гемопоезге, жүйке жүйесі 
және бауырдың жұмысына қатысады. Кобальт организмге жануар
және өсімдік тектес тағамдар, көк өністер, жеміс - жидектер 
құрамында түседі. Кобальт негізінен бауырда, лимфа түйіндерінде,
сүйек және бұлшықет тіндерінде, ұйқы және қалқанша, бүйрек, 
бүрек үсті бездерде шоғырланады. Кобальт организмде көптеген 
процестерінің жүруіне қатысады және маңызды қызметтер 
атқарады: 
жүйке–жүйесінің 
кейбір 
процестерін 
реттеуге; 
тітіркенудің, шаршағыштықтың алдын алуға; фоль қышқылы, В

және С дәрумендерімен бірлесе, зат алмасуды қалыпқа кетіруге; 
темір және мыспен бірлесе, гемопоезге;. сүйек тінінің өсуін 
стимульдеуге;. ДНҚ мен РНҚ-ның синтезіне; цианокобаломиннің 
синтезіне; ұйқы безі қызметін қалыпта ұстауға; қалқанша безі 
гормондарының түзілуіне; патоморфологиялық, склеротикалық 


365 
көріністерді басуға; иммунитетті көтеруге; фермент белсенділігін 
арттыруға; қатерлі ісіктің түзілуімен күресуге қатысады. 
Кобальттың гипофукциясы - тағам арқылы жеткіліксіз түскенде,
зат алмасу және ұйқы безінің қызметі бұзылғанда пайда болады. Бұл 
кезде: аритмия, анемия, еске сақтау қабілетінің нашарлауы, әлсіздік, 
иммунитеттің төмендеуі байқалады.
Гиперфункциясы – құрамында кобальты бар препараттарды 
мөлшерден артық қабылдағанда байқалады, бұл кезде, жүйке-
жүйесі, бұлшықет тіндері, жүрек, артериалды гипертензия, 
дерматит, есітудің нашарлауы сияқты анамалиялар пайда болады. 
Кобальтың тәуліктік қажетті мөлшері, ересектер үшін 0,1-1,0 мг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет