Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет29/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Қарапайым диффузия 
- бұл кіші, нейтралды молекулалардың 
концентрация градиенті бойынша энергия жұмсамай тасымалдануы.
Липидті мембранадан жеңіл қарапайым диффузия арқылы: кіші 
полярсыз молекулалар, О
2
, стероидты, тиреоидты гормондар өтеді. 
Кішкентай полярлы зарядталмаған молекулалар – СО
2
, NH
3, 
H
2
O,
этанол және мочевина жылдамырақ диффундирленеді. Глицерол 


28 
диффузиясы баяу жүреді, ал глюкоза өз бетінше мембранадан өте 
алмайды. Көлеміне қарамастан зарядталған молекуланы липидті 
мембрана өткізбейді. 
Жеңілдетілген диффузия
- заттардың концентрация градиенті 
бойынша энергия жұмсамай, тасымалдаушылардың қатысуымен 
тасымалдануы. Бұл суда еритін заттарға тән.
Жеңілдетілген диффузия қарапайым диффузиядан тасымалдану 
жылдамдығы мен қанығу қабілетімен ерекшеленеді. 
Ол екі жолмен жүреді. 
1.Трансмембранды белоктардан түзілген арнайы каналдар 
арқылы тасымалдану ( катионселективті каналдар). 
2.Транслоказа белоктары арнайы лигандтармен әрекеттесіп, 
концентрация градиентімен диффузиялануды қамтамасыз етеді 
(пинг-понг), (эритроциттерде глюкоза ГЛЮТ-1 тасымалдаушы-
белок арқылы тасымалданады). 
Кинетикасы бойынша жеңілдетілген диффузия арқылы 
заттарды 
тасымалдау 
ферментативті 
реакцияны 
еске 
түсіреді.Транслоказалар үшін лигандтардың қанығу концентрациясы 
болады, бұл кезде белок байланыстыратын барлық орталықтар 
қаныққан, яғни бос болмайды және белоктар максимальды 
жылдамдықпен 
жұмыс 
жасайды. Сондықтан 
заттардың 
жеңілдетілген диффузия арқылы тасымалдану жылдамдығы 
тасымалданатын заттың концентрация градиентіне ғана емес, 
сонымен қатар мембранадағы тасымалдаушы-белоктардың санына 
да байланысты болады. Қарапайым, жеңілдетілген диффузия 
пассивті тасымалдануға жатады, себебі энергия жұмсалмайды. [12]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет