Гиперстенурия –
зәр
тығыздығының артуы қант диабеті және
жедел нефритте орын алады.
Мөлдірлігі -
қалыпты зәр мөлдір, сабан сары түсті болады.
Мөлдірлігінің өзгеруі – тұздар, клеткалық элементтер, бактериялар,
кілегей, майлардың (липурия) кездесуіне байланысты. Мөлдірліктің
бұзылу себептерін химиялық анализ немесе микроскоп арқылы
анықтауға болады. (10.3). [157].
Салыстырмалы
тығыздығы –
зәрдің салыстырмалы
тығыздығы
(1,005-,030) аралығында болады.
Зәрдің тығыздығы құрамындағы ерігіш заттарға байланысты
рН
–
қалыпты зәрдің рН-ы әлсіз қышқыл рН= 4,8 - 7,5 аралығында
болуы мүмкін. Зәрдің рН-ы тағам құрамындағы заттарға байланысты
өзгеруі мүмкін. Жануар тектес тағамдарды басым пайдаланған
кезде рН ˂ 5-тен аз, ал өсімдік тектес тағамдарды көп
пайдаланғанда рН=7 – ден жоғары болады.
Зәр рН-ның қышқыл болуы – қант диабеті, безгек және ашығу
жағдайында орын алады.
Қышқылдылықтың жоғарылауы спортсмендерде ауыр
физикалық белсенділіктен кейін байқалады, себебі тер арқылы көп
мөлшерде зәр қышқылы бөлінеді.
Зәр рН-ң сілтілі болуы – цистит, пиелитте және минералды суды көп
ішуге байланысты болады.
Зәрдің химиялық құрамы.
Адамның зары судан және
құрғақ қалдықтан құралған, ол 91-96% су, ал құрғақ қалдығы:
органикалық және бейорганикалық заттар. [160].
390
(10.3)
Зәрдің органикалық құрам бөліктері:
мочевина (20-35 г);
кетон денелер (˂ 3г); амин қышқылы (1-3г); креатинин ( 1-1,5);
зәр қышқылы (063-4,99): глюкоза ( ˂ 0,16 г); белок ( ˂ 0,15 г );
гиппур қышқылы ( 0,15 г ); креатин (0,05-0,1 г ) ;
Бейорганикалық құрам бөліктері:
- катиондар ( K
+
, Na
+
, Ca
2+
, Mg
2+
, NH
4
+
); аниондар ( CI
-
, SO
4
2-
HPO
4
2-
); басқа иондар аз мөлшерде кездеседі. [1].
Зәрдің құрамында белоктардың ыдырау өнімдерінің қалдық азотты
заттары – мочевина, зәр қышқылы, гиппур қышқылы, креатинит,
ксантин, уробилин, индикан, сонымен қатар тұздар- хлоридтер,
сульфаттар, фосфаттар кездеседі. (10.4). [158].
391
Достарыңызбен бөлісу: |