Амин қышқылдары -
қалыпты жағдайды бір тәулікте 1,1
амин қышқылы бөлінеді. Көбінесе глицин, гистидин, глутамин,
аланин, серин амин қышқылы зәр арқылы шығарылады
Гипераминоацидурия –
амин қышқылының бөлінуі – бауыр
паренхимасының
патологиясында,
ауыр
инфекциялық
ауруларда, ісік ауруы, гипертиреоз, кортизон және АКТГ
гормонымен емдегенде, кома т.б. жағдайларда байқалады.
Сонымен қатар, амин қышқылдарының туа біткен бұзылыстары
кезінде,
фенилкетонурия,
алкаптонурия,
гиперпролинемия,
цитруллинемия т.б. көбеюі мүмкін.
Зәр қышқылы
– пуриндік негіздердің соңғы өнімі. Қалыпты
жағдайда, құрамында нуклеопротеиндер көп болатын тағамды
пайдаланғанда, зәр қышқылының мөлшері жоғарылаған болса,
және лейкемия, полицитемия, гепатит, әсіресе подагра сияқты
патологиялық жағдайларында зәр қышқылының мөлшері артады
Гиппур қышқылы –
глицин мен бензой қышқылының
қосындысы болып табылады. Гиппур қышқылын зәрде анықтау
үшін
Квик – Пытель
сынамасы қолданылады.
Азотсыз органикалық заттар –
сүт қышқылы, қымыздық,
лимон, май, валериан, янтарь қышқылдары зәрмен өте аз мөлшерде
бөлінеді, ал олардың зәр құрамында көбеюі, патологияның пайда
болғанын білдіреді, мысалы, зәр құрамында сүт қышқылының
артуы, анаэробты гликолиздің күшеюін білдірсе, ал цитрат және
сукцинаттың көбеюі – алкалоздың орын алғанын байқатады. [1].
10.7. Зәрдің патологиялық құрам бөліктерінің түзілуі
Белоктар –
дені сау адамның зәрінде өте аз мөлшерде, ал
қалыпты жағдайда зәрде белок болмауы тиіс.
Зәрде белоктың болуы
протеинурия
деп аталады. Ол
екі үлкен
топқа бөлінеді. [30].
Бүйрекке тәуелді протеинурия
– нефронның зақымдануы,
бүйрек фильтрінің тесіктері үлкеюі, шумақшаларда қан айналымы
нашарлағанда байқалады.
Бүйрекке тәуелді потеинурия: селективті, селективті емес,
тубулярлы, аралас, постренальды, преренальды болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |