Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Қан құрамын анықтаудың диагностикалық маңызы



Pdf көрінісі
бет303/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Қан құрамын анықтаудың диагностикалық маңызы
бар, 
себебі биохимиялық сынама жүргізу үшін, қан бірден-бір қолайлы 
тін болып табылады. 
Органдар мен тіндерден барлық зат алмасудың аралық және 
соңғы өнімдері қанға түседі, сондықтан оның биохимиялық 
көрсеткіштерін анықтау диагноз қою, оған талдау жасау, қандай 
органның ауруға шалдыққандығын анықтауда маңызы зор. 
Организм 
өзінің 
биохимиялық 
және 
физиологиялық 
механизмдері арқылы ішкі тұрақтылықты сақтайды, ал қанның 
химиялық құрамының өзгеруі, ұзаққа созылған ауруларда 
байқалады. Сау адам қанының құрамы, әрдайым динамикалық тепе-
теңдікте болады. Қан құрамында пайда болған артық заттар қаннан 
тез шығарылып отырады. 
 
11.2. Қанның физиологиялық қызметтері 
 
Қан адам организмі қан тамырларында әрдайым қозғалыста 
болатын, сұйық дәнекер тін болып табылады. Қан ағзаға қажетті 
әртүрлі химиялық қосылыстарды жеткізеді, ағзадан бөлінетін соңғы 
өнімдерді шығарады, осылайша, тіндер мен органдардағы зат 
алмасуды ықпалдастырады және өте маңызды қызметтер
атқарады.[25]. 
1.
Тыныс алу - 
тыныс жолдарынан оттегіні тіндерге, ал
көмірқышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдауы. 
2.
Трофикалық -
тағаммен түскен қоректік заттар, минералдық 
тұздар, дәрумендерді ас қорыту органдарынан тіндерге жеткізуі. 
3.
 Экскреторлы
- метаболизмнің соңғы өнімін бөліп шығаруы. 
4. 
Гуморальдық реттеушілік
- гормондар мен медиаторлардың 
ішкі секреция бездерінен нысана тіндерге тасымалдануы. 
5. 
Реттеушілік
- тін мен қан арасындағы сулы-тұзды алмасулар. 
6. 
Қорғаныштық
- гуморальдық, клеткалық (лейкоциттер, 
лимфоциттер, макрофагтар) және қан ұю факторының жұмысы. 
7. 
Термореттеушілік
- дененің түрлі бөліктерінде қанның дене 
температурасының тұрақтылығын сақтаудағы рөлі. 
8. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет