Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет305/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

11.3 Қан плазмасы белоктары 
 
Қан плазмасы белоктары тез алмасып, жаңарып отырады, 
олардың басым көпшілігі бауырда синтезделеді. Қан плазмасында 
белоктың (Си жүйесі бойынша) мөлшері 60-80 г/л-ді құрайды.
 
Белоктардың плазмадағы жалпы салмағы 400 г шамасында, 
оның 250 грамы қан тамырларында, 150 грамы клетка аралық 
сұйықтық құрамында сақталады. [2]. 
Белоктар бауырда және ретикуло-эндотелиалды жүйе (РЭЖ) 
клеткаларында синтезделеді. Қан белоктарының біраз мөлшері 
бауырда қор ретінде жиналады. 


402 
Плазма белоктарының атқаратын қызметтері. 
Белоктар плазманың онкотикалық қысымын анықтайды. 
Онкотикалық қысымның мөлшері 0,1 атмосфераға тең. Белоктар
организмде қан мен тіндер арасындағы су және суда еріген 
заттардың алмасуында маңызы рөл атқарады 
Капиллярлардың артериялы шетінде жүрек қызметі әсерінен 
болатын гидростатикалық қысым онкотикалық қысымынан артық 
болғандықтан су мен заттар сұйықтыққа өтеді, ал капиллярлардың 
веналық шетінде қысым шамалары керісінше болғандықтан, 
белоктар өзінің гидрофильдік (суды өзіне тартқыш) қасиетіне сәйкес
клетка аралығынан суды оған қоса, зат алмасудың соңғы өнімдерін 
өзіне яғни қанның құрамына тартады. [2]. 
Белоктар қанда буферлік қызмет атқарады, рН тұрақтылығын 
сақтап тұрады. Белокты буферлік жүйе басқа буферлік жүйелермен 
бірлесе отырып, қан ортасының реакциясын ұстап тұрады. 
Қан белоктары қорғаныш қызметін атқарады. Барлық 
антиденелер табиғаты жағынан белоктар болып табылады. 
Плазма белоктары суда нашар еритін улы заттарды 
байланыстырып тасымалдайды және оларды еритін түрге 
айналдырады. (мысалы: глобулиндер липопротеидтерді ерітеді, 
альбуминдер гормондар, дәрумендер, билирубинмен байланысады). 
Жеңіл диссоциацияланатын иондармен (Са
2+
, Мд
2+
, Си
2+
, Ғе
2+

қосылып, диссоциацияланбайтын қосылыстар түзу арқылы, олардың 
қандағы мөлшерін бір күйде ұстап тұрады. [2]. 
Белоктар көп сатылы және көп факторлы қанның ұю процесіне 
тікелей қатысады. Протромбин → тромбин → фибриноген →
фибрин → мономер → фибрин → полимер. 
Белоктар иммундық процестерге қатысады. Олар глобулярлы 
белоктар болғандықтан,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет