гемофилия дамиды. [31].
Гаптоглобин
-2 глобулин құрамына кіреді. Ол гемоглобинмен
қосылып,
гаптоглобин-гемоглобин
комплексі
түрінде
РЭС
клеткаларына гемоглобинді тасымалдайды, сонымен қатар
гаптоглобин,
гемоглобин
құрамындағы
темір
иондарының
организмде сақталуына септігін тигізеді.
Иммуноглобулиндер бес класқа бөлінеді. W, M, A, Д, Е
-глобулиндер фракциясына жатады. Олар төрт полипептидтік
тізбектен: екі ауыр тізбек, молекулалық массасы 50 000 – 750 000
дальтон, екі жеңіл тізбек молекулалық массасы 23 000 дальтон.
Полипептидті тізбектер өзара үш дисульфидті байланыстармен
жалғасқан. Иммуноглобулин арнайы антигенмен әрекеттеседі.
Патологиялық жағдайларда иммуноглобулиндердің саны елеулі
өзгерістерге ұшырайды:
W-иммуноглобулиндер алкогольді бауыр циррозында, ішек
ауруларында көбейеді.
M-иммуноглобулиндер билиарлы цирроз, өттің жүрмей
қалуынан пайда болатын бауыр ауруы кезінде көбейеді. Цирроз
бауырдың беріштенуі.
Е-иммуноглобулиндер демікпе, аллергиялық ауру кезінде,
аскаридозда көбейеді.
А-иммуноглобулиндер балалардың жұқпалы ауруларында
жетіспеушілігі байқалады.
Кинин жүйесінің белоктары кининдер кинин-гормон немесе
жергілікті гормондар деп атайды. Олар басқа гормондар сияқты ішкі
секреция бездерінде емес, клетка аралық сұйықтықта және плазмада
өзінің активті емес негізін салушы қосылыстардан түзіледі. [2].
Олардың түзілу жолы:
Бауырда
синтезделетін
калликреиноген организмдегі
адреналин, трипсин, урокиназаның әсерінен немесе қанның рН-ы
қышқылданғанда активті
калликреинге айналады.
Активті калликреин -
брадикининогенді