Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет324/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 Карбоксигемоглобин 
– HНbCO көміртегі монооксидімен 
уланғанда пайда болады. Гемоглобиннің СО–ға ұқсастығы, 
оттегігене ұқсастығына қарағанда 300 есе жоғары, сондықтан 
гемоглобин оттегіні байланыстыру қабілетінен айырылады, 
нәтижесінде тұншығудан өлімге ұшырайды. 
Метгемоглобин
MetHb тотықтырғыштар (натрий нитриті, 
нитробензол) әрекеттерінен туындайды. Құрамында темір (Fe³
+
) үш 
валентті болғандықтан оттегі тасымалдау қабілетінен айрылған.
Қалыпты жағдайда гемоглобиннің аз мөлшері, шамамен тәулігіне 
0,5% метгемоглобин пайда болады. 
Гемоглобиннің физиологиялық түрлері: 
Онтогенез процесінде гемоглобин фракциясының құрамы және 
мөлшері өзгеріп отырады. Барлық гемоглобиндер тетромерлер, 
әртүрлі суббірліктердің жиынтығынан құралған. (б,в,г,д) тұрады, 
және олар тетрамерлерді таныстырушылар. Адам организмі 
дамуының әр түрлі сатыларында эмбриональдық кезеңнен ересек 
кезеңге дейін құралады. Гемоглобиндердің бірнеше физиологиялық 
түрлері бар, олар: қарапайым гемоглобин (HbP), фетальді 
гемоглобин (HbF) (fetus - ұрық), ересектердің гемоглобині HbA
HbA
2
, HbA
3
(adultus - ересек). 
Қарапайым гемоглобин
– ұрықтанудан бірнеше аптадан кейін 
эмбриональді сары уыз қапшығында синтезделеді. 2б және 2е
тізбектен тұрады. Ұрықтың бауыры қалыптасқаннан кейін 2 аптадан 
соң, ол жерде HbF синтезделе бастайды, кейін алты ай өткеннен 
кейін HbP –гемоглобинді толығымен HbF гемоглобинге 
ауыстырылады. 


423 
Фетальді гемоглобин -
(HbF) эмбрионның бауырында және 
сүйек кемігі майында туылғанға дейін синтезделеді. HbF 2б және 2г
тізбектен тұрады. HbF оттегіге жоғарғы ұқсастығымен ерекшелінеді 
және анасының қан айналымы жүйесінен оттегіні эмбрионға тиімды
тасымалдайды. HbF эмбрионның негізгі гемоглобин түрі болып 
табылады. Жаңа туған нәрестенің қаны 80% HbF құралады, бірақ 1 
жастың соңына дейін ол толығымен HbA – ға ауыстырылады. Ересек 
адамның қанында жалпы гемоглобин мөлшерінен минимальді 
мөлшерде – 1,5% - ға дейін болады. 
Гемоглобин А
- ересек адамның негізгі гемоглобині жалпы 
мөлшерден 96% -құрайды. Ұрықтың сүйек кемігі тіндерінде 8 – ші 
айдан бастап синтезделе бастайды. HbА
2
2б, 2в – полипептидті 
тізбектен тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет