420
Химиялық
немесе
биологиялық
гемолиз әртүрлі химиялық
заттар (қықшылдар, сілтілер немесе эритроциттер агглютинациясы
немесе жәндіктер мен бауырымен жорғалаушылар уларындағы
фосфолипазалар, токсиндер) эритроциттердің мембраналары
бұзылады, яғни гемолизге ұшыратады.
Биологиялық
гемолиз бұл организмде үнемі жүретін
процесс. Көк бауырда қан ағымындағы «ескірген» эритроцитер
ұсталып, макрофагтармен жойылады. Сондықтан, айналымдағы қан
плазмасында гемоглобиндер кездеспейді.
Аралар, улы жыландар шаққанда, тобы сәйкес келмейтін қан
құйғанда, безгекте, өте ұзақ физикалық ауыр еңбек кезінде қан
тамыры арнасында эритроциттер гемолизге ұшырайды.
Бұл айналымдағы қан плазмасында гемоглобиннің пайда
болуымен қатар жүреді. Нәтижесінде гемоглобинемия және
гемоглобинурия байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: