428
Тромбин IIa-Tм-Ca
2+
мембранды комплексте ішінара
протеолиздеу арқылы С протеинді активтейді. Активтенген (Са) С
протеин S белок-активатормен бірлесіп, Ca-S-Ca
2+
-
мембранамен
байланысқан комплекс түзеді. Протеин Са осы комплекстің
құрамындағы Va және VIIIa фактордан екі пептидті байланыстарды
гидролиздеу арқылы, оларды инактивациялайды. Ca-S-Ca
2+
комплекстің әсерінен Va мен VIIIa факторлардың активтілігі 3
минут барысында 80% -ға төмендейді. Осылайша тромбин оң кері
байланыс принципі бойынша өзінің түзілуін жылдамдатып қана
қоймайды, сонымен қатар С протеинді активтеу арқылы қанның ұю
процесін тежейді.
Антикоагулянтты жүйе қан ұюының каскадты реакцияларын
тежейді, ал ұйыту ферменттерінің ингибитлорлары қан ағымындағы
активті ферменттерді инактивациялайды. [2].
Достарыңызбен бөлісу: