Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет318/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Метаболиттік ацидоз
– зат алмасуының бұзылуына сәйкес 
денеде қышқыл өнімдер жиналуынан пайда болады. Мысалы: қант 
диабетінде, аштықта, безгекте кетон денелерінің жиналуы ацидозға 
ұшыратады. Олардың шамадан тыс мөлшері алдын-ала қанның 
сілтілік резерві арқылы төмендейді, ол таусылса рН-тың өзгеруіне 
әкеліп соғады. РН-тың 6,8-ге дейін төмендеуі өлімге апарады. 
Респираторлық алкалоз
– терең және жиі дем алғанда, 
ентікпеде, өкпе қызметі артқанда, өкпеден шамадан тыс СО

шығарылғанда қанның рН-ы көтеріледі. 
Метаболиттік алкалоз
дұрыс тамақтанбағанда, құсық арқылы 
қышқыл заттарды жоғалтқанда пайда болады. РН-тың мөлшері 8,0-
ге дейін көтерілуі өмірге қауіпті. 
11.9. Қан плазмасының буферлік жүйелері 
 
Қан плазмадағы бейорганикалық заттар осмостық қысымды 
тұрақты 7,6 атмосферада ұстап тұрады. Суда ерімейтін 
глобулиндерді 
еритін 
түріне 
айналдырады. 
Клеткаларды, 
бейорганикалық заттарды плазмамен бірге жуа отырып, клетканың 
қалыпты өмір сүруіне қажетті жағдай тудырады. (Мысалы жүйке 
жүйесі, қан айналу жүйесі, бұлшықет жұмыстары, иондардың 
арақатынасына тікелей байланысты.) [25]. 


415 
Бейорганикалық заттар тіндерде коллоидтардың түзілуіне 
(суды тартып алуына) себепкер болады. Қан рН-ы тұрақтылығын 
қалыпты мөлшерде сақтайды. Бұл қызмет қандағы буферлік жүйелер 
арқылы жүзеге асырылады. [30]. 
Бикарбонатты 
буфер жүйесі барлық буферлік сыйымдылық 
мөлшерінің 10%-ін құрайды. Қалыпты жағдайда плазмадағы 
биокарбонаттың концентрациясы СО
2
-нің концентрациясынан 20 есе 
артық болады. Қанда қышқыл заттар көбейсе, олар бикарбонатпен 
реакцияға түсіп, көмірқышқылын түзеді, ол әрі қарай су мен көмір 
қышқыл газына бөлінеді. СО
2
-нің көбеюі дем алу орталықтарын 
қоздырады. Бұл жағдай тыныс алуды жылдамдатады. Ол арқылы 
СО
2
өкпеден бөлініп, сыртқа шығарылады, сондықтан тепе-теңдік 
сақталады. Негізгі иондар көбейсе, олар көмір қышқылмен 
әрекеттесіп бикарбонаттарға айналады, зәр арқылы шығарылады. 
Фосфатты буфер
жүйесі ағзада көбіне қышқыл заттар пайда 
болатындықтан, қышқыл тұздарының мөлшері негізгі тұздарының 
мөлшерінен 4 есе аз түзеді. 
Қышқыл өнімдері негіздік тұздармен әрекеттеседі, қышқыл 
тұзы зәрмен шығарылады. Сондықтан қандағы буфер жүйесінің ара- 
қатынасы сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет