Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Клетка матриксінің белокты-көмірсулы комплексі



Pdf көрінісі
бет348/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

12.3.
Клетка матриксінің белокты-көмірсулы комплексі 
 
Дәнекер тіндері, клетка аралық матриксінің негізгі субстанциясы 
болып табылатын, макромолекулярлы, белокты - 
көмірсулы қосылыстар - 
протеогликандар
деп аталады
Протеогликандар, құрғақ дәнекер тіндер массасының 30%-ын
құрайды. Клетка аралық кеңістіктегі матрикстің құрамы 95% 
көмірсулары болатын прлотеогликандар, 10-15% көмірсулары бар 
мукопротеиндер және 10% көмірсулы гликопротеиндерден тұрады.
 
Протеогликандардағы 
полисахаридтерінің 
басым 
көпшілігі,
шырышты субстраттарда табылғандықтан, негізгі атауға « муко»
пресуфиксі қосылып, мукополисахаридтер деп аталған болатын. әрі 
қарай, бұл қосылыстар гликозаминогликандар деп аталатын болды. 
Бұл атау қазіргі таңда сақталған. [1].
 
Дәнекер 
тіндердің 
гликозаминогликандары
– 
белок 
молекуласымен ковалентті байланысқан гликозаминогликандар- 
(ГАГ), күрделі белоктар. ГАГ-тар тізбекті, тармақталмаған 
полимерлер, қайталанатын дисахаридті бірліктерден құралған. ГАГ-
тар организмде бос, жеке «таза» көмірсу түрінде кездеспейді. 
Олардың құрамында міндетті түрде, мономер қалдықтары: 
глюкозамин немесе галактозамин, сондай-ақ екінші дисахаридтің 
негізгі екі мономері: D-глюкурон немесе L-идурон қышқылдары 
түрінде кездеседі. Қазіргі таңда, ГАГ-тардың негізгі 6 класының 
құрылымдары анықталған, оларға: 
- гиалурон қышқылы; 
- дерматан сульфат ( хондроитин-сульфат В); 
- хондроитин-4-сульфат (хондроитин-сульфат А); 
- хондроитин-6-сульфат(хондроитин-сульфат С), 
- кратан сульфат, гепарин, гепаран сульфаттары жатады. 
ГАГ-тардың гидрофильділігі жоғары, сондықтан бұл қасиеттері, 
оларға концентрациясы төмен болған жағдайда , гель түзуге (тіндік 
тургор), мүмкіндік береді. [1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет