Мукопротеиндер және Гликопротеидтер -
белоктар мен
көмірсулардың ковалентті байланысуы арқылы түзілген комплекс
болып табылады. Олардың құрамы: галактоза, глюкоза, манноза, N-
ацетилнейрамин қышқылы, фруктоза, N-ацетилглюкозамин, N-
ацетилгалактозамин сияқты 7 түрлі моносахаридтерден тұрады. Бұл
белокты - көмірсулы комплекстер дәнекер тінінің клеткалық және
талшықтық элементтерінде құрылымдық қызмет атқарады.
Динамикалық қызметі.
1
.
Механикалық - (тіндердің беткейлік жанасу жақпасы).
2. Қорғаныштық - (иммуноглабулин, гистосәйкестік антигені,
интерферон). Белсенді фактор V-ші акцелерин кейбір жағдайларда
жеке V
-шы фактор ретінде қарастырылады.
3. Реттеуші - (тиротропин,хориондық гонадотрапин).
4. Тасымалдаушы - (гормон, липид, липофильді дәрумендерді).
5. Каталитикалық (гидролазалар, гликозидазалар).
6. Клеткааралық және клеткалы лигандалардың әрекеттесуі
(көмірсулармен спецификалы әрекеттесу-лектиндер).
Полипептидті тізбектің гликозирленуі эндоплазматикалық
торда және Гольджи аппаратында О – гликозидті байланыс арқылы
түзіледі (гликозилтрансфераза). Гликопротеиндегі көмірсулы және
белокты бөлігінің арасындағы N - гликозиламинді байланыс арқылы
синтезделген олигосахарид полипептидті тізбекке ауысады
(олигосахарид трансфераза-ферменті). Олигосахаридтің синтезі үшін
полиизопренді долихол қосылысы қажет (15-19 изопренді бірлік).
Көмірсулы – белокты комплекстің ыдырауы экзопротеиназаның
көмегімен клетка сыртында өтеді, содан соң дәнекер тіні, бауыр
клеткаларында лизосомальды ферменттерінің көмегімен гидролиз
жүреді. Протеоингликанды агрегаттар катаболизміне: катепсин,
гиалуронидаза, гексозаминидаза, β-глюкоуронидаза, сульфатаза,
β-галактозидаза, және т.б қатысады.
Дәнекер тіндерінің негізгі компоненттері тез жаңарып отырады,
мысалы, гиалурон қышқылының жартылай ыдырау кезеңі 2-4 күн,
хондроитинсульфаттың жартылай ыдырау кезеңі 12-16 күн. [34].
Достарыңызбен бөлісу: |