Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет359/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Глюкокортикоидты 
гормондар (кортизон, оның аналогтары)
әсерінен фибробласттарда коллагеннің синтезі тежеледі, ал 
фибробласттардың өте маңызды қызметтерінің бірі- ГАГ-тардың
биосинтезін 
баяулатады. Глюкокортикостероидтар 
әсерінен 
коллагеннің катаболизмін жүргізетін ферменттер активтенеді. 
Минралокортикоидтар
- бүйрек үсті бездерінің гормондары 
(альдестерон, дезоксикортикостерон) керісінше, фибробласттардың 
пролиферациясын стимульдейді, сонымен қатар бір мезгілде 
дәнекер тіндердің « негізгі заттарының » биосинтезін күшейтеді. 
Тироксин гиалурон қышқылының деполимеризациялануын 
күшейтеді, ал гипофиздің алдыңғы бөлімінің соматотропты гормоны 
тропоколлагеннің полипептидті тізбегіне пролиннің жалғасуын 
стимульдейді.
12.7. Дәнекер тіндерінің биохимиялық өзгерістері 
 
Дәнекер тіндердің барлық түрлерінде жасқа байланысты, 
олардың құрамындағы судың азаюы және «негізгі заттар» мен 
талшықтардың ара қатынасында жалпы өзгерістердің орын алуы
табиғи құбылыс болып табылады. Бұл коэффициенттің азаюы 


463 
коллаген мөлшерінің жоғарылауынан да, сонымен қатар ГАГ-тар 
концентрациясының төмендеуінен де болады. Алдымен, гиалурон 
қышқылының мөлшері айтарлықтай азаяды, сонан соң қышқыл 
ГАГ-ың садық мөлшері мен жеке гликандардың өзара сандық 
қатынастары өзгереді. Бір мезгілде коллагеннің физико-химиялық
қасиеттері өзгеріске ұшырайды: коллагеннің еритін фракциясының 
азаюы; ісіну қабілетінің артуы; интра- және интермолекулалы 
көлденең байланыстардың беріктігі мен сандарының артуы;нан
эластикалық 
қасиеттеріінің 
нашарлауы; 
коллагеназаға 
резистенттілігінің дамуы нәтижесінде
коллаген
талшықтарының 
құрылымдық тұрақтылығы жоғарылайды, яғни дәнекер тіндердің
фибрилярлы құрылымында «жетілу» процесі дамиды. Коллагеннің 
қартаюы, организмдегі метаболизм процестерінің, оның молекула 
құрылымына әсерінен пайда болады. [1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет