462
кальций катиондарын фиксирлейтін
хондроитинсульфаттардың бір
мезгілде жиналуымен байланысты.
Сондай-ақ, протеогликандардың экстрацеллюлярлы суды және
диффузия процестерінің реттелуі, негізінен құрамына кіретін ГАГ-
тардың қасиеттеріне тәуелді болады.
Радиоактивті изотоптардың
көмегімен протеогликандар алмасуының жоғары жылдамдықпен
жүретіндігі анықталған.
Протеогликандардың катаболизмі.
ГАГ-тарды гидролиздеуге
қабілетті ферменттердің арасынан
жануарлардың лизосомальды
ферменті - β-гиалуронидаза көбірек зерттелген. Ол, гиалурон
қышқылының
дисахаридті
бірліктерінің
β-1,4-гликозидті
байланыстарын гидролиздейді.
Реакция нәтижесінде, дисахарид-
глюкурон қышқылы түзіледі. (β1→3)
N-ацетилглюкозамин әрі
қарай, лизосомальды β-гликозидазаның әсерінен ыдырайды.
.. Хондроин-сульфаттар, β-гиалуронидаза
қатысуымен
құрам
бөліктеріне ыдырайды. Дәнекер тіндерінің метаболимін реттеуші
факторлар: ферменттер, гормондар
және дәрумендер болып
табылады. Дәнекер тіндердің жеке түрлеріне көптеген гормондар
басымырақ әсер етеді. [4].
Достарыңызбен бөлісу: