13- тарау. Сүйек және тіс тіндерінің биохимиясы
13.1. Сүйек тіндерінің қызметтері мен құрамы
Сүйек тіні
– дәнекер тіндерінің ерекше бір түрі. Сүйек тінінің
құрылымы күрделі болады, олар сүйек қаңқасын құрайды.
Сүйек тіндерінің атқаратын қызметтері:
1. Сүйек тіні бұлшыет, буындар, байламдармен жалғасу арқылы
дене тұлғасын ұстап тұрады және алуан түрлі қозғалысты
қамтамасыз етеді, яғни қимыл – тірек қызметін атқарады.
2. Сүйек тіні минералды заттардың қоры болып табылады. Сүйек
тінінде 99% кальций, 87% фосфор, 50% магний, 46% натрий т.б.
заттар қор ретінде жиналады.
3. Сүйек тіні метаболизде минералды заттардың алмасуына
қатысады, яғни метаболикалық қызмет атқарады.
4. Сүйек тіні организмнің негізгі қаңқасы болғандықтан бұлшық
етпен ішкі мүшелерді байланыстырады, осылайша қорғаныштық
қызмет атқарады.
5. Сүйек тіні реттеуші рөл атқарады, ішкі ортаның гомеостазын
(иондық құрамын, қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті, қан рН-ын)
сақтайды.
6. Сүйек-дәнекер тіндердің минералданған арнайы түрі деп
аталады, себебі құрамында минералды заттар өте көп болады.
13.2. Сүйек тіндерінің минералды заттары
Минералды заттардың құрамындағы заттардың негізін кальций
гидроксиапатиті құрайды. Кальций гидроксиапатитінің химиялық
формуласы
Са
10
(РО
4
)
6
(ОН)
2
.
Сүйек тіні 10%- судан, 90%-құрғақ қалдықтан тұрады. Құрғақ
қалдықтың 70%-ы бейорганикалық заттар, 20%-ы клетка аралық
органикалық матрикстен құралған. Клетка аралық органикалық
матрикстің 95%-ын коллаген, 5%-ын аморфты белокты көмірсулы
заттар құрайды. (13.1). [178].
Адам денесінде болатын сүйектердің жалпы саны 206, олар
көлемі және формасы жағынан алуан түрлі болып келеді.
Сүйек тінінің бейорганикалық заттары кальций фосфатының
бірнеше табиғи түрлерінен құралған.
470
Достарыңызбен бөлісу: |