473
жергілікті фактор-сүйек клеткаларында түзілетін простогландин,
остеокласт активтендіруші фактор.
Паратгормон
ионизирленген кальций
деңгейінің төмендеуі
гормондардың
секрециясын
стимульдейді.
Паратгормон
остеокластарды резорбция өтетін жерге жинайды, онда остеокластар
мен остеоциттерді анықтау арқылы сүйектің резорбциясын бастап
береді және коллагеназа, тіндік ингибитор-металлопротеиназа және
плазминогенді активатордың активтілігін стимульдейді.
I-типтегі коллаген мен сүйек матриксінің
басқа да компоненттері
биосинтезін арттыратын ИФР-1 (инсулин тәрізді өсіруші фактор I)
соматомедин С гормоны остеобласттармен синтезделуін активтейді.
Осылайша паратгормон остеобласттарды, остеокласттарды
активтейді. [34].
Кальцитонин
паратгормонның функционалды антогонисті.
Кальцитониннің негізгі биологиялық әсері сүйектің резорбцияcын
тежеуге бағытталған., ол үшін біріншілік активтілігін төмендету
арқылы остеокласттардың санын азайтады.
Гормонның гипокальциемиялық әсері сүйектің резорбциясы
баяулап, сүйектен кальцийдің қанға бөлінуі азайғанда байқалады.
Гормон стимульденген (Д дәрумені, паратгормонмен)
остеолизиспен сүйектің спонтанды резорбциясын баяулатады.
Кальцитриол
остеобласттар арқылы остеокласттардың
активтілігін стимульдейді. Ол
I типті коллаген, остеопонтин,
остеокальцин, сілтілік фосфатазалардың биосинтезін жүргізіп,
бірқатар
гендердің
экспрессиясын
өзгерту
арқылы
остеобласттардың диффенсирленуіне ең үлкен ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: