Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет370/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Гликокортикоидтар
сүйек тіндері резорбциясын күшейтеді. 
Оларды созылмалы түрде қабылдағанда остеобласттардағы белок 
биосинтезін, соның ішінде коллагендердің биосинтезін баяулатады. 
Тиреоидты гормондар
шеміршек тіндеріне әсер етеді және 
олардың сызықтық өсуін активтейді. Сүйек матриксінің түзілуін 
немесе клетканың бөлінуін стимульдемейді. Тиреоидты гормондар
трабекулярлы және кортикальды сүйек тіндерінің остеобласттары 
мен остеокласттарының активтіліктерін стимульдеуге қабілетті. 
Т

остеобласттарды ИФР I факторының биосинтезін стимульдейді.
Тиреоидты гормондар сүйектіңрезорбциясын стимульдейді.
Эстрогендер
сүйек қаңқасының қалыптасуына қатысады және 
сүйек тіндерін жоғалтудың алдын алады. Олар остеокласттардың 
активтілігін тежеу арқылы сүйектің резорбциясын болдырмайды.


474 
Эстрогендер 
ИФР I факторының биосинтездеу арқылы сүйек 
тіндерінің түзілуін стимульдей алады.
Андрогендер
өсу факторлары арқылы сүйек тіндерінің нысана 
клеткаларына 
әсер 
етеді. 
Олар 
сүйек 
клеткаларының 
пролиферациясын стимульдеуге қабілетті. Ерлерде де, әйелдерде де
жыныстық гормондар жетісаеген жағдайда
остеопения
дамиды. 
Соматотропин
ИФР I өсіруші факторының түзілуін 
стимульдеу арқылы, сүйек тіндері клеткаларына рецепторлармен
әсер етеді. Ол өсу пластинкаларының ішіндегі хондроциттердің 
пролиферациялануына стимульдейтін әсер береді. Соматотропин 
бүйректе кальцитриолдың түзілуін стимульдейді.
Инсулин
сүйек матриксінің синтезін және шеміршектің түзілуі 
мен сүйек қаңқасының қалыпты өсуін активтейтін гормон. 
Инсулин сүйектің қалыпты минералдануы үшін қажет. Инсулин
бауырдағы ИФР I өсіруші фактор арқылы әсер ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет