456
Коллаген молекуласы эндоплазмалық ретикулум цистерналары
арқылы, қосымша гликолизилирленіп, клеткааралық кеңістіке
экзоцитоздану үшін, Гольджи аппаратына тасымалданады.
(12.4)
Коллаген молекуласы агрегаты, коллаген фибрилласы,
талшық және талшық шоғыры (сызбалық сурет).
Фибриллогенез клетка сыртында жүреді, ол кезде арнайы
пептидаза көмегімен соңғы телопептидтер ажыратылады (қан
құрамыңда анықталады).
Коллаген
талшығы тропоколлагеннің
молекуласынан
түзіледі. Лизилоксидаза ферментінің әсерінен, белоктың бүйір
тізбегіндегі лизин мен гидроксилизин қалдығында,
реакцияға
қабілетті альдегид тобы пайда болады және көрші молекуладағы
лизил мен гидроксилизил қалдықтары конденсацияланып, көлденең
тігіс түзеді. Бұл талшықтың беріктігін қамтамасыз етеді.
Тропоколлаген
молекуласының
«ұшы
-
ұшымен
»
байланыспаған сондықтан, олардың арасында ашық жерлер бар, сол
жерге алдымен сүйектің минералдануына қажетті кальций мен
фосфор жиналады. Коллаген белогы гликозилирленген болады.
457
Коллагеннің
синтезіне С дәрумені, пиридоксальфосфат, мыс,
темір иондары, 2-оксоглутарат, УДФ-глюкоза және УДФ-галактоза
қажет болады. Қалыпты жағдайда тек денатурацияланған
коллагенді гидролиздейтін пептидазаларға
(трипсин, пепсин)
лизосомальды, лизосомальды емес коллаген фибрилласы төзімді.
Достарыңызбен бөлісу: