452
гиалурон қышқылымен
байланысқан белоктар, олардың жалпы
массасының 1-2%-ын құрайды.
Дәнекер тіндеріндегі гиалурон қышқылының
негізгі қызметі- суды
байланыстыру болып табылады. Клетка аралық заттардың
байланыстыру
қабілетінің нәтижесінде, желе тәрізді матрикс түзе
алады (тіндер тургоры), бұлар, клетка үшін тірек қызметін атқара
алады.
Гиалурон қышқылы, 250 мың сульфатталмаған дисахаридті
бірліктерден тұрады. Олар қалыпты және патологиялық жағдайларда
целюлярлы миграция үшін, клеткадан тыс кеңістіктер түзеді.[34].
Хондроитин-4-сульфат және хондроитин-6-сульфат.
Хондроитинсульфаттар
молекуласы құрамындағы, 40 шақты
дисахаридті бірліктерден тұратын тізбектердің
орналасу типттері
ұқсас келеді. Олар бір-бірінен сульфатты топтарының орналасуымен
ерекшеленеді.
Химиялық
құрылымындағы
мардымсыз
айырмашылыққа
қарамастан,
олардың
физико-химиялық
қасиеттерінің едәуір айырмашылықтары бар және әртүрлі дәнекер
тіндерде басым, орналасуымен ерекшеленеді. Хондроитинсульфаттар
сүйектердің кальцификациясына қатысады. [34].
Дерматан-сульфаттар
– әсіресе дермаға тән. Олар, бактерияльды
гиалуронидаза ферменттерінің әсеріне резистентті келеді. Бұл
дерматан-сульфаттардың хондроитин- сульфаттардан айырмашылғы
болып табылады.
Дерматан-сульфаттар
склердің
беріктігінің
арқасында, көздің пішінін сақтап тұрады және 1кератан-сульфатпен
бірлесіп, көздің қасаң қабығының мөлдірлігін қамтамасыз етеді.
Дерматан-сульфаттар
коллаген
талшықтарының
жиынтығын
тұрақтандырады, өйткені олар табиғаты эктодермальды,
құрамында
коллагені жоқ тіндерде ( асқазан шырышты қабаты), кездеседі. [1].
Достарыңызбен бөлісу: