Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет36/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

мутаротация 
деп атайды. Ол моносахаридтердің әртүрлі 
ациклді
және циклды
 
түрлері болуымен түсіндіріледі. Сақиналы түрі 
молекула ішілік реакция аркылы жүзеге асады. Басқа да 
моносахаридтердің осындай түрлері бар. Глюкоза пиранозалық 
түрінде, ал фруктоза фуранозалық түрінде кездеседі. (2.2).[43]. 
(2.2). 
Моносахаридтер сақиналы түріне көшкенде ассиметриялы 
көміртегі атомының саны біреуге өседі, глюкозада бірінші көміртегі 
атомы, ал фруктозада екінші көміртегі атомы ассиметрияланады. 
Бұл көміртегі атомымен байланысқан ОH тобы гликозидтік немесе 


37 
жартылай ацетальдық топ химиялық активті. Осы топ арқылы 
моносахаридтер 
бір-бірімен 
байланысады 
немесе 
басқа 
қосылыстармен реакцияға түседі. Гликозидтік гидроксильдің 
орналасуына қарай сақиналы моносахаридтердің α және β түрлері 
ажыратылады. Организмдегі α- және β - гликозидтер (туындылары) 
ферменттердің әсеріне ұшырауы әр қилы. Мысалы: α- түріне әсер 
ететін фермент сол гликозидтің β-түріне әсер етпейді. Гликозидтер 
табиғатта кең тараған және олардың құрамындағы көмірсуға 
жатпайтын бөлігінің табиғаты әртүрлі болады. Барлық 
моносахаридтер 
тотығу-тотықсыздану 
реакцияларына 
түседі. 
Тотықсызданғанда моносахаридтер өздеріне сәйкес спирттерге 
айналады. Моносахаридтер тотығып әртүрлі қышқылдар түзеді. 
Мысалы: глюкозадан тотығу жағдайына байланысты глюкон 
қышқылы, глюкурон қышқылы, альдоза қышқылдары түзіледі. 
Моносахаридтер 
метоболизмге 
өздерінің 
фосфоэфирлік
қосылысы 
(глюкоза-6-фосфат) 
түрінде 
белсене 
қатысады. 
Моносахаридтердің әлсіз тотықтырғыштарымен (мыс немесе висмут 
тотықтарының сілтідегі ерітіндісі) тотығуы олардың мөлшерін 
анықтау үшін қолданылады. Әсіресе мыс тотығының сілтідегі
ерітіндісі – Фелинг реактиві осы үшін жиі қолданылады. 
Моносахаридтермен қатар, осы Бертран әдісін тотығатын басқа да 
көмірсуларды анықтау үшін қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет