Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет33/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Экзогенді факторларға
: физикалық, механикалық, термиялық, 
сәулелік және электр тоғының әсерлері жатады
органикалық және бейорганикалық химиялық агенттер: қышқылдар, 
сілтілер, этанол, күшті тотықтырғыштар т. б.; 
биологиялық факторлар: вирустар, риккетсии, бактериялар, эндо,- 
және 
экзотоксиндер, 
микроорганизмдер, 
гельминттер 
мен 
қарапайымдылардың метаболизм өнімдері жатады. 
Эндогенді факторларға:
бос радикалдардың артық мөлшерде 
болуы, осмостық қысымның ауытқулары, иондардың жетіспеуі 
немесе көп жиналуы, О
2, 
СО
2
, перекисті қосылыстар, метаболиттер 
т.б. жатады. [21]. Организмдегі тотығу стресс жағдайы және 
организмнің эндогенді улануы, клеткаларда бос радикалдар 
тотығуының бұзылыстарына әкеледі, бұл өз кезегінде клетканың 
антиоксидантты 
қорғанысының 
ферментатвті 
бірліктерінің 
жұмысын бұзады. Эндотоксикоздың пайда болу себептері бір-
бірімен байланысты патобиохимиялық реакциялар тізбегімен 
байланысты. Клеткалық эндотоксикоз метаболизмнің аралық және 
соңғы өнімдерінің мөлшерден көп жиналуынан болады және 
клеткаға деструктивті, токсикалық әсері бар, клиникалық тәжрибеде 
актуальды, эндогенді интоксикациялану дәрежесін көрсетеді
 



32 
Қорытынды 
 
Зат алмасу
- катаболизм және анаболизм

деп аталатын екі 


процестен 
қалыптасқан. 
Катаболизм- 
күрделі 
органикалық 
қосылыстарды ферментативті тотықтыру арқылы кіші молкулаларға 
ыдыратады. Бұл процесс энергия бөле жүреді. 
Бөлінген бос энергия АТФ-ің макроэргиялық байланыстарына 
шоғырланады. 
Осылайша, 
органикалық 
қосылыстардың 
молекуласындағы 
энергия, 
химиялық 
универсалды АТФ
энергиясына айналады. Анаболизм- кіші молекулалық заттардан 
ферментативті жолмен, салыстырмалы түрде, ірі клеткалық 
компоненттердің синтезделуі, АТФ энергиясын пайдалану арқылы 
жүреді. Синтез процесі молекула көлемінің ұлғаюына және 
күрделенуіне әкеледі. Бұл энтропияны төмендетеді. 
Метаболизмді ферментативті реакциялардың өте күрделі 
жүйесі ретінде қарастыруға болады. 
Осы жүйенің қандайда бір бөлігінде қоректік заттардың ағымы 
азайса немесе бұзылса, осыған жауап ретінде жүйенің басқа бір 
жерінде өзгерістер болуы мүмкін. Бұл алғашқы өзгерістің орнын 
толтырады немесе теңестіреді.
Метаболизмнің барлық реакциялары заттарды, энергияны 
тиімді пайдалану арқылы, үнемді жүреді және реттеледі. Клетка 
мембранасының жалпы алаңы өте үлкен болады. Полярлы 
липидтердің барлығы дерлік, мембраналарда орналасқан,
ТАГ-тар мен стериндер салыстырмалы түрде аз кездеседі, ал 
жоғары сатыдағы жануарлардың плазматикалық мембранасында 
ХСН көп мөлшерде болады. Мембрана құрамында полярлы 
липидтердің әртүрлі болуы, мембрананың типін, клетканың типін 
және организмнің түрін сипаттауға мүмкіндік береді. 
Мембрана өте маңызды қызметтер атқарады: 
Клетканың және клеткаішілік құрылымдардың бүтіндігін және 
функционалды күйін қамтамасыз етеді. Клетканың ішкі кеңістігін 
компартменттерге бөледі және клеткаішілік гомеостазды сақтап 
тұрады. Келіп жеткен ақпаратты қабылдайды және өзгерте алады.
Заттардың тасымалдауына, қозу процесіне, нерв импульсінің 
өткізілуіне, бұлшық еттің жиырылуына қатысады. Өнімдердің 
сіңірілуіне, секрецияға және газ алмасуға, тіндік тыныс алуға, 
генерацияға, қор түзуге қатысады. Энергияны трансформациялауда 
маңызды рөл атқарады..



33 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет