Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


-тарау. Көмірсулар алмасуы



Pdf көрінісі
бет35/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

2-тарау. Көмірсулар алмасуы 
 
2.1. Адам организмінің көмірсулары
 
Көмірсулар табиғатта ең көп тараған органикалық қосылыстар. 
Олардың мөлшері өсімдіктердің құрғақ салмағына шаққанда 80- 90 
%-ын, ал жануарлар салмағының 2%-ын құрайды. Қандай
мөлшерде болмасын, олардың тірі организмдегі атқаратын қызметі 
жағынан да, метаболизмдегі алатын орны жағынан да, үлесі өте зор. 
Көмірсулар жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез реакциясы 
нәтижесінде пайда болады және тыныс алу процесінің негізгі 
субстраттарының бірі ретінде , тыныс алу кезінде энергия бөледі, 
яғни энергия көзі болып табылады. [ 39]. 
Көмірсулар организмдегі көптеген органикалық заттарды 
синтездеуге, атап айтсақ, нуклеин қышқылдары, органикалық 
қышқылдар, ал олардан аминқышқылдарының түзілуі,
белоктардың, құрамында азоты бар, көптеген биоорганикалық 
заттардың синтезіне қатысады. Көмірсулардың аралық тотығу 
өнімдерінен липидтер түзіледі. Құрамында көмірсулары бар 
молекулалар мен клеткаларды бір-бірінен ажыратуға, заттарды 
усыздандыруға, бактерия клеткаларын, вирустарды байланыстыруға,
гормондардың рецепторларын түзуге қатысуы мен нерв 
клеткаларында рецепторлық қызметін айтуға болады. Көмірсулар 
қор ретінде жиналады. Адам мен жануарларда гликоген
өсімдіктерде крахмал мен фруктозалар, олар қажет болған 
жағдайда ретімен жұмсалып отырады. [9]. 
Көмірсуларды 3 топқа бөледі: 
1. Моносахаридтер - қарапайым қанттар, гидролизденбейді, суда 
жақсы ериді ( глюкоза, фруктоза, манноза, галактоза, рибоза). 
2. Олигосахаридтер - гидролизденгенде екі немесе онға дейін 
моносахаридтер түзіледі. Гидролиз барысында екі моносахаридтер
түзілетін болса, оларды дисахаридтер: сахароза, лактоза, мальтоза, 
целлобиоза деп атайды. Рафиноза олигосахарид, үш түрлі 
моносахарид қалдығынан (глюкоза, галактоза, фруктоза) құралған.
3. Полисахаридтер - молекулалық массалары жоғары күрделі заттар, 
құрамында 
бірнеше 
ондаған, 
мыңдаған 
моносахаридтердің 
қалдықтары болады. [9]. Моносахаридтер - көмірсулар ішіндегі ең 
қарапайымы. Оларды көп атомды спирттердің туындылары


35 
ретінде қарастыруға болады. Моносахаридтер кұрамындағы 
көміртегі атомының санына қарай топтастырылады: триоза, тетроза, 
пентоза, гексозалар, гептоза, октозалар т.б. немесе құрамындағы 
альдегид не, кетон топтарына байланысты альдозалар, кетозалар деп 
ажыратылады. Химиялық табиғатына карай барлық моносахаридтер: 
нейтралды, кышқылды, аминқанттар деп бөлінеді. Кейбір 
көмірсулар кұрамында карбоксил, спирттік, қышқылдық және 
аминтоптарының барлығы кездеседі. Мысалы нейрамин қышқылы. 
(2.1). [42]. 
(2.1). 
Моносахаридтер көп атомды спирттердің туындылары ретінде 
қарастырылады. Мысалы: үш атомды спирт глицериннің бірінші 
спирттік тобы тотыққанда альдозаға жататын глицерин альдегиді, 
ал екінші спирттік тобы тотыққанда кетозаға жататын диоксиацетон 
түзіледі. Осы сияқты көп атомды спирттер тотыққанда сәйкес 
альдозалар, немесе кетозалар түзіледі. Моносахаридтердің ішінде 
көп тараған глюкоза мен фруктоза, алты атомды спирт сорбиттің 
тотығуынан 
пайда 
болады. 
Моносахаридтер 
құрамында 
асимметриялы көміртегі атомы болғандықтан стереоизомерлері 
болады. Олар бір-бірінен физикалық және химиялық қасиеттері 
жағынан ерекшеленеді. Мысалы: өте қарапайым моносахарид 
глицерин альдегидінде бір ғана ассиметриялык көміртегі атомы бар. 
Бұл заттың үш түрі белгілі, біреуі полярланған сәулені оңға бұрады, 
екіншісі солға бұрады, ал үшіншісі оптикалық активсіз (50% оңға 
бұратын изомері, 50% солға бұратын изомері бар), оларды рацемат 


36 
деп атайды. Әp стереоизомерді құрамындағы атомдар тобының 
кеңістікте орналасуына байланысты D және L катарға жатқызады. 
Басқа да заттар стереоизомерінің кеңістіктегі пішінін анықтау үшін
салыстырмалы түрде глицерин альдегидіндегі атомдар тобының 
кеңістікте орналасуы негізге алынған. Мысалы: D- глицеринде ОН 
тобы асимметриялық С атомының оң жағына, ал L глицеринде ол 
топ сол жағына орналасқан. 
Қорыта айтқанда , спирттік топқа (СH
2
ОН) жанаса жатқан -ОН 
тобының кеңістікте орналасуы глицерин альдегидіне ұқсас болса, 
олардың D немесе L қатарына жатуы соған сәйкес анықталады. 
Сілтілік ертіндіде моносахаридтер өзара бір-біріне айнала алады. 
Мысалы: глюкоза ертіндісіне Ва(ОН
)
2
немесе Са(ОН)
2
құйса, біраз 
уақыттан кейін, ертіндіде глюкозадан басқа фруктозалар мен 
маннозалар пайда болады. Организмде мұндай өзгерістер 
ферменттердің 
қатысуымен 
жүреді. 
Судағы 
ертіндісінде 
моносахаридтердің өзіндік айналу бұрышы өзгереді. Бұл құбылысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет