39
Полисахаридтер
суда ерімейді, ал ерісе каллоидты ерітінді
түзеді, олар тотығу-тотықсыздану реакцияларына түспейді.
Өсімдіктің
негізгі полисахариді-
крахмал
екі полисахаридтен
тұрады, біреуі
амилоза,
екіншісі
амилопектин.
Олар
бір-бірінен
молекуласындағы
глюкозалардың
байланыстары
арқылы
ерекшеленеді, амилоза тармақталмаған ұзын тізбек болса, ал
амилопектин молекуласы тармақталған.
Амилоза мен амилопектин бір-бірінен қасиеттері жағынан
айырмашылықтары бар. Амилозаның
молекулалық массасы
төмендеу, еріп қоймалжың ерітінді түзеді, йод ертіндісімен көк
түске боялады.
Амилопектиннің молекулалық массасы амилозаға қарағанда
әлдеқайда жоғары, суда ерімейді, йодпен қызыл-күлгін түске
боялады.
Крахмалды
ферменттермен
(амилазалар)
немесе
қышқылдармен (H
2
SO
4
) гидролизденгенде алдымен бірнеше аралық
заттар, атап айқанда – әртүрлі декстриндер түзіледі. Олардың
молекулалық массалары әртүрлі болады және йодпен түрлі түстерге
боялады:
1. Амилодекстриндер көк күлгін түске,
2. Эритродекстриндер қызыл-қоңыр түске,
3. Ахродекстриндср қызғылт түске боялады.
4. Мальтодекстриндер йодпен боялмайды.
Гидролиз кезінде декстриндер мальтозаларға, ал
олар
глюкозаларға ыдырайды. [9].
Достарыңызбен бөлісу: