Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет381/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Тіс пелликуласы
Тістің беткі қабатын тіс қағынан тазалағанда, бактерияларға 
бай (жұқа, берік), органикалық пленка -пелликула көрінеді, ол 
эмальдың ерігіштігін бірнеше рет төмендетіп, тіс эмалын 
органикалық қышқылдардың зақымдаушы әсерінен қорғайды. 
Пелликула шайнау, иектістерді тазалау кезінде жойылмайды, 
тек күшті абразивті агенттердің әсеріне ұшыраған кезде ғана 
жойылады. Тіс эмальы жарылғаннан кейін оның бетінде пелликула 
пайда болады. Оның құрамында аз мөлшерде цистеин, метионин, 
гидроксипролин және гидроксилизині бар белоктар кездеседі..
Сондықтан, бұл белоктар кератиндер мен коллагендерден ерекше. 
Пелликула протеиндері олигосахаридте тізбектерінен нейрамин 
қышқылының 
қалдықтарын 
бөлгеннен 
кейін, 
сілекей 
гликопротеидтеріне ұқсайды. Сілекейдің қышқыл фосфопротеині де, 
пелликуланың құрамында кездеседі. Пелликуланың құрамына 
бактерия қабырғаларының фрагменттері кіреді.[34].
 
Тіс тақтасы.

Тіс тақтасы - эмаль бетіне орналасқан органикалық 


матрицалар мен бактерия клеткаларынан түзілген қабат. Тіс тақтасы 
құрамы 80% судан, 20%-құрғақ қалдықтан тұрады. Құрғақ 
қалдықтың 40% минералды заттардың, ал 60% органикалық 
заттардың үлесіне тиесілі.Тіс тақтасындағы фтордың мөлшері, 
сілекейдегі оның мөлшерімен ( 8-160 мг/кг) салыстырғанда, 10-100 
есе асып түседі. Фтор тіс тақтасының құрамына тағам, су, сілекей 
арқылы кіреді, бірақ тіс эмалінен де, түсуі мүмкін, ол үшін тіс 
тақтасының рН-ы төмендеуі және эмальдің деминерализациялану 
процесі активтенуі қажет. Адамның жасы ұлғайған сайын, тіс 
тақтасындағы фтордың мөлшері артады. Тіс тақтасының 
құрамындағы минералды заттар гидроксиапатиттер, фторапатиттер, 
кальций фториді т.б. түрінде кездеседі. Тіс тақтасының матриксі 
құрамында сілекейдің денатурацияланған гликопротеиндері және
бактериялардың қалдықтары- кіші молекулалы, алмасудың соңғы 
өнімдері болады. Бұл заттар оңай ериді, сондықтан тіс тақтасында 
жиналмайды.Тіс тақтасында полисахаридтердің үш түрі (глюкандар- 
глюкозамен, 
левандар- 
фруктозамен 
қоректенгенде 
және 


487 
гетерополисахаридтер), 
кездеседі. 
Егер, 
апта 
барысында 
көмірсуларды тағам ретінде пайдаланбаса, тіс тақтасы матриксіндегі 
полисахаридтер 
жойылып 
кетеді. 
Тіс 
пелликуласынан 
айырмашылығы, тіс тақтасы тісті тазалаған кезде жойылып кетеді. 
Біреқ сілекейді байланыстыруға және ауызды шайғанға төзімді. Тіс 
тақтасының беті жартылай өткізгіш мукоидты гельмен жабылған.
Тіс тақтасының құрамында сілекей гликопротеиндері мен
бактерия қабырғаларының қүрделі белоктары нашар байланысқан 
комплекстері кездеседі. Тіс тақтасы тісті тазалағаннан кейін екі 
сағаттан соң қайта жинала бастайды. Алдымен аэробты 
микроорганизмдер, сонан соң аэробты және анаэробты микробтар 
жиналады. Тіс тақтасының тез дамуына тағам құрамындағы сахароза
ықпал етеді. Тістің бетіндегі тіс тақтасында бактериялардың кездесуі 
кариестің дамуының алғы шарты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет