Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет382/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Тіс тасы.
Парадонттың құрамында генетикалық және қызметтік ортақ 
қасиеттерге ие тіндердің комплексі болады. Атап айтатын болсақ, 
оларға: перйодонт, альвеола сүйегі, тіс тіндері және қызыл иек 
периості жатады. Қызыл иек массасының негізін коллаген 
талшықтары құрайды. Парадонт тінінің клетка аралық заттары 
протеогликандардан құралған. Парадонт ауруының патогенезінде, 
тіс тасының түзілуі өте маңызды рөл атқарады. Бұл тіс тасы
сілекейдегі тұздар- кальций және магний карбонаттары мен
фосфаттарының тұнбаға тұсуі нәтижесінде, тіс тақтасы
органикалық матрицаға айналады. Тіс тасын минералданған тіс 
тақтасы деп, қарастыруға болады. Тіс тасы –тіс тамырының беткі 
аймағындағы 
эмальға 
тіркелген. 
Зерттеулер 
барысында 
анықталғаны, тексерілгендердің 75%-да тіс тасы табылған. 
Гингивитпен ауыратындардың 90%-да тіс тасы болатындығы 
анықталған. [34].

Орташа есеппен алғанда, тіс тасы 4-10% су, 72-82%


минералды заттар және 13-25% органикалық заттардан тұрады. 
Қүшті минералданған тіс тастарында кальцийдің мөлшері 29% , 
фосфаттар - 16% - ға жетеді. Тіс тасының құрамында 
микроэлементтер, 
амин 
қышқылдары, 
моносаридтер, 
фосфолипидтер, холестерол, ферменттер және басқа тағамдық 
ингредиенттер, эпителий жасушалары мен лейкоциттердің ыдырау 
өнімдері табылады. Тіс тасының микрофлорасында басқа да, аралас 
микроорганизмдер, лептотрихиялар мен актиномиоциттер өрімдері 


488 
бар.Тіс тасының құрылымы қатпарлы болып келеді. Көбінесе,тіс 
тастары сілекей бездері түтіктерінің жанында, тістердің тілдік 
бетінде пайда болады. Тіс тастарының минералдану дәрежесі және
құрамындағы бактериялары әртүрлі мөлшерде болуы мүмкін. Тіс 
тасы түзілу үшін, ауыз қуысының рH-ы жеткілікті дәрежеде 
жоғарылауын қажет етеді. Көбінесе, бұл әсер мочевинаның 
ферментативті гидролизімен байланысты болады. Тіс тасының 
құрамында фосфор қышқылының кальций тұздары кристалдың 
барлық түрлерін кездестіруге болады.Тіс тастары көбінесе тікелей 
парадонт ауруларын тудырады. Тіс тасының пайда болуына 
сілекейдің химиялық құрамының өзгеруі, тістерде бактериялық тіс 
қағының жиналуы және парадонт тіндері қабынуының орын алуы 
ықпал етеді. Өз кезегінде, тіс тасының пайда болуы, қабынуға 
қолдау көрсете отыра, барлық патологиялық процестерді 
асқындырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет