Бас миындағы бос аминқышқылдарының метаболизмі.
Аминқышқылдары ОЖЖ метаболизмі мен қызметінде маңызды
рөл атқарады. Бұл аминқышқылдарының көптеген биологиялық
активті заттар; белоктар, пептидтер, кейбір липидтер, бірқатар
гормондар, дәрумендер, биологиялық активті заттар, аминдер және
көптеген биологиялық маңызды қосылыстардың синтезделу көзі
529
ретіндегі ерекше рөлі мен ғана емес, сонымен қатар нейромодулятор
және нейротрансмиттер ретінде нейронаралық байланыстарды түзуде
аминқышқылдары мен олардың туындыларының синаптикалық
тасымалдауға қатысуымен де маңызды. Глутамин аминқышқылдары
ҮКҚЦ-мен тікелей байланысты болғандықтан олардың айтарлықтай
энергетикалық маңыздылығы бар. Бос аминқышқылдарының бас
миындағы алмасуы туралы мәліметтерді қортындылай келе келесі
тұжырымдарды жасауға болады:
1. Жүйке тіндерінің аминқышқылдары деңгейін тұрақты ұстап
тұру қабілеті жоғары болады.
2. Бас миындағы бос аминқышқылдарының мөлшері қан
плазмасындағымен салыстырғанда 8-10 есе жоғары.
3. Гематоэнцафоликалық тосқауыл арқылы таңдамалы активті
тасымалдануға байланысты, ми және қандағы аминқышқылдарының
арасындағы градиент концентрациясы жоғары болады.
4. глутамат, глутамин, аспарагин ГАМҚ және N-ацетиласпарагин
қышқылдарының мөлшері жоғары болады. Олар мидағы бос
аминқышқылдарының 75% құрайды.
5. Мидың әртүрлі бөлімдерінде аминқышқылдары белгілі бір
мөлшерде кездеседі.
6. Жүйке клеткаларының әртүрлі субклеткалық құрылымдарында
аминқышқылдарының қоры компартментацияланып орналасқан.
7. Хош иісті аминқышқылдары катехоламиндер, серотониндердің
негізін қалаушылар ретінде маңыздылығы өте зор.
15.11. Жүйке импульсі берілуіндегі медиатордың рөлі.
Жүйке импульстерінің берілуіндегі медиаторлардың рөлі
Сүтқоректілердің жүйке жүйесіндегі синапстардың көпшілігі
химиялық заттар. Химиялық синапста сигнал беру процесі
нейромедиаторларды пресинаптикалық жүйке ұштарынан босату
арқылы орындалады. Қазіргі таңда нейромедиаторлардың 4 тобы
бар. Олар: моноаминдер, аминқышқылдары, пуриндік нуклеотидтер
және пептидтер. Жеке нейрондарда, әдетте, химиялық табиғаты
әртүрлі бірнеше нейромедиаторлар синтезделеді.
Олардан басқа, синаптикалық беріліс деңгейін реттейтін кеңінен
таралған қосылыстар класы - нейромодуляторлар белгілі.
Медиаторлардың көмегімен бір жүйке клеткасы, екіншісімен
байланысады немесе басқа бір органдарға әсер ете алады.
530
Жүйке импульстерінің берілуінде синапстардың алатын орны зор.
Достарыңызбен бөлісу: |