Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Ми тініндегі көмірсу алмасуының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет417/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1
21-24 мат ондеу, 2 тест, 2, 2сын, матем, казак т 2кл, байланыстар, bioorganic-chemistry-p2-M, psikh detskogo vozrasta, Қоғам және мәдениет (копия)
15.9.
Ми тініндегі көмірсу алмасуының ерекшеліктері. 
 
Көмірсулар -
мида негізгі көмірсулардан - глюкоза 50 мг, 
гликоген 100 мг кездеседі. Гликогеннің көп мөлшері синапстың 
маңында шоғырланған. Жүйке тінінде гетерополисахаридтерден 
гиалурон, хондроитин күкірт қышқылдары кездеседі.
Ми тінінің қалыпты жұмысы үшін глюкоза қажет, ол жалғыз 
энергия көзі болып табылады және ацетилхолин медиаторының 
түзілуіне жұмсалады. Келесі ерекшелігі, ми тінінде глюконеогенез 
процесі жүрмейді. Орталық жүйке жүйесінде глюкозаның 90% 
гликолиз жолымен ыдырайды, гликолиз ферменттерінің басым 
көпшілігі, 
басқа 
тіндердегі 
ферменттермен 
салыстырғанда 
активтілігі жоғары болады. Дамып келе жатқан мидағы глюкозаның 
пентозофосфаты жолмен тотығуы күштірек өтеді. 


528 
Жоғарыда айтылғандай мида гликоген қоры көп болмайды. 
ОЖЖ-де гликогенолиз гидролиз жолы арқылы көбірек жүреді. Бос 
глюкоза гексокиназа мен АТФ-ң қатысуымен глюкозомонофосфатқа 
айналып гликолизге түседі. Қозу кезінде, ми тіндері глюкозаны 2-4 
есе көп қолданады. 
Стресс 
жағдайында, глюкокортикостероидтардың әсерінен 
бауырда глюконеогенез күшейе түседі және перифериялық 
тіндердегі глюкозаның сіңірілуі қиындайды, осыған байланысты 
гипергликемия дамып, ми тіндерінде энергия көзі болып табылатын 
глюкоза жеткізіледі. Гипогликемия кезінде ми тіні глюкозаның 
орнына, кетон денелерін қолдануы мүмкін. 
15.10. Ми тіндерінің аминқышқылдары
 
Жүйке тіндерінде аминқышқылдары метаболизмінің бірқатар 
ерекшеліктері бар. Оның ішінде дикарбон амин қышқылдары ерекше 
рөл атқарады, олардың мөлшері мен метаболизмінің қарқындылығы 
басқа тіндерге қарағанда мида айтарлықтай жоғары. Глутамин 
қышқылы, глутамин, аспарагин, N-ацетиласпарагин және γ-аминомай 
қышқылдарының (ГАМК) үлесіне барлық бос аминқышқылдары бос 
қорының 75%-ы тиесілі. Ми митохондриясында глутаматтың 90%-ы 
аспартатаминотрансферазаның қатысуымен аспартатқа айналады. 
Бұл мидың ең күшті аминотрансферазасы. Биосинтезге қатысумен 
қатар пептидтер мен белоктар (глутамат, глутамин 8-10% құрайды), 
және глутамин қышқылдары мидың энергетикалық қамтамасыз 
етуінде өте маңызды қызмет атқарады, ол ҮКҚЦ метаболиттерін 
жоғары деңгейде ұстап тұрады. Мидағы ГАМК түрлендіру циклі 
ГАМК-шунт деп аталатын үш ферментативті реакцияны қамтиды. 
ГАМК-шунт 2-оксоглутар қышқылы мен янтарь қышқылы 
арасындағы аймақта ҮКҚЦ-ның модификациясы болып табылады:
2-оксоглутарат >глутамат>ГАМК >янтарлы жартылай альдегид > 
сукцинат. Бірқатар аминқышқылдары нейромедиатор немесе олардың 
тікелей ізашары рөлінде ерекше қызметтерді орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет