60
Ашыту, көмірсулардың анаэробты ыдырауы сияқты, клетка
ішілік тотығу-тотықсыздану процесі арқылы өтеді, бірақ сонғы
электрондар мен протондардың акцепторы рөлін оттегі емес,
органикалық қосылыстар атқарады. [39].
Анаэробты жағдайда гликолиз реакцияларының химизмі, сүт
қышқылының гомоферментативті ашуымен бірдей болады.
Нәтижесінде, глюкозадан жүз пайызға жуық өнім- сүт қышқылы
түзіледі, ал гетероферментативті сүт қышқылының ашуы кезінде
глюкозадан сүт қышқылына қоса метаболизм процесінің басқа да,
өнімдері түзіледі. Спирттік және сүт қышқылды ашу микроб
ферменттерінің қатысуымен жүреді. ПЖҚ түзілгенге дейін анаэробты
гликолиз сияқты жүреді. Түзілген ПЖҚ сүт қышқылына немесе
сәйкес этил спиртіне айналады. (2.10). [51].
Кейбір жағдайда ПЖҚ мен лактат глюконеогенезге жұмсалуы
мүмкін. Бұл процесс негізінен бауырда және бүйректе үздіксіз жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: