Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


  Анаэробты гликолиздің реакциялары



Pdf көрінісі
бет54/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1
21-24 мат ондеу, 2 тест, 2, 2сын, матем, казак т 2кл, байланыстар, bioorganic-chemistry-p2-M, psikh detskogo vozrasta, Қоғам және мәдениет (копия)
 



57 
Анаэробты гликолиздің реакциялары 
 
. 8. Түзілген 2-фосфоэнолпируват макроэргтік байланысы үзілуі 
арқылы фосфор қышқылының қалдығын АДФ-ке береді, нәтежесінде 
АТФ түзіледі [17]. 
9. Енолпируват өз еркімен пирожүзім қышқылына (ПЖҚ) 
айналады. Анаэробты
гликолиз кезінде түзілген ПЖҚ -ың біразы
организмге оттегі жетіспеген барлық жағдайларда сүт қышкылына 
айналады. (2.8). [49]. 
Бұлшық етте түзілген лактат қан арқылы бауырға барады, сол 
жерде лактатдегидрогеназа ферментінің қатысуымен лактаттан, 
қайтадан ПЖҚ түзіледі, бұл процесс 
Кори циклі
деп аталады. Оттегі 
жоқ болса ПЖҚ сүт қышқылына тотықсызданады, оның 4/5 бөлігі 
Кори цикліна жұмсалады. (2.9). [50]. 
(2.9) 
ПЖҚ-ның 
басым 
көпшілігінен 
глюконеогенез 
процесі 
нәтижесінде, глюкоза синтезделеді, ал бір бөлігі тотығудан 
декарбосильдену реакциясы арқылы АСҚ-ға айналады. [26]. 


58 
Организмде оттегі жеткіліксіз болған жағдайда, ағза өзінің 
энергетикалық 
мұқтаждығын 
толықтыру 
үшін, 
клетка 
цитоплазмасында өтетін анаэробты гликолизді күшейтеді.
Бұл процеске глюкоза көп жұмсалғандықтан, сүт қышқылы көп 
түзіледі. Клеткада оттегі жеткілікті болып, аэробты жағдайға 
көшкенде анаэробты гликолиз процесі тежеледі және сүт 
қышқылының түзілуі тоқтайды, нәтижесінде глюкозаның анаэробты 
гликолизге жұмсалуы бірден тоқтайды. 
Бұл жағдай 
Пастер әсері
деп аталады. Пастер әсері ағзадағы 
көмірсулар катаболизмі реттелуі механизмдерінің бірі болып 
табылады. [34] . 
Пастер әсері
– оттегі арқылы (лактаттың жиналуы) гликолиздің
ингибирлену жолы болып табылады.
Пастер әсерінің механизмдері: 
1. Көмірсулардың аэробты ыдырауы кезінде НАДН+Н –ың 
тотықсыздану эквиваленті цитоплазмадан митохондрияға ауысуының 
нәтижесінде, гликолиздің тотығу-тотықсыздану реакциялары, 
тоқтайды. Осыған байланысты, НАДН+Н ПЖҚ-нылактатка 
тотықсыздандыра алмайды. 
2. Аэробты жағдайда түзілген лимон қышқылы мен АТФ
фосфофруктокиназа ферментінің активтілігін аллостерикалы тежейді. 
(бұл реакциямен бүкіл процесс жылдамдығы шектеледі). 
3. Митохондриядағы электрондарды тасымалдау тізбегі бір 
жағынан, цитоплазмадағы гликолиздің фосфоглицераткиназды және 
пируваткиназды реакциялары екінші жағынан АДФ үшін таласу 
барысында тіндік тыныс алу гликолизді тежейді. 
АДФ, 
көбіне 
гликолиздің 
субстраттан 
фосфорлану 
реакцияларына емес, митохондрияларда өтетін тотығудан фосфорлану 
реакцияларына жұмсалады. [34]. 
Организмге биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорланудың 
түйісуін алшақтататындар түскенде Пастер әсері бұзылады, бұл 
жағдай әсіресе ісік клеткаларында орын алады. 
Глюкоза катаболизмі аллостерикалық ферменттер арқылы 
реттеледі. Оларға – фосфоглюкокиназа, фосфофруктокиназа жатады.
Олардың аллостерикалық ингибиторлары АТФ, НАДН
2

цитрат; активаторлары – АДФ, АМФ, НАД. Гликоген синтезінің, яғни 
гликогеногенездің аллостерикалық ферменті - пируваткарбоксилаза 
мен фруктоза-1,6 дифосфатаза, ингибиторлары – АДФ, АМФ; 
активаторы – АТФ. Бұл реакциялардың жүру жылдамдығы клеткаға 


59 
түскен 
бірінші 
субстраттың 
концентрациясына 
тәуелді 
болады. Глюкоза гликоген түрінде бауырда қалады.
Қажет болғанда гликоген фосфоролиз жолымен ыдырап, глю-6-
фосфат түзеді, оған фосфатаза әсер етіп, оны бос глюкозаға 
айналдырады, глюкоза қанмен бауырға апарылады да гликогенге 
айналады, немесе фосфорланып, анаэробты гликолизге ұшырайды.
Моносахаридтердің 90

-ы (көбіне глюкоза) қақпа венасы 
арқылы бауырға барады, қалған моносахаридтер лимфа жолдары 
арқылы венозды жүйеге тасымалданады. 
Бауырда глюкозаның 5

гликогеннің синтезіне, 65

-ті гликолиз 
процесіне, 30

- липонеогенез процесіне жұмсалады. [26]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет