73
жұмсалады. Яғни, НАДФН
2
тотықсыздандыру қабілетіне ие , бұл
метаболикалық энергияны сақтаудың екінші формасы болып
табылады. (1-ші маңыздылығы).
НАДФН
2
энергияға бай сутегі атомын катаболикалық
процестерден биосинтез реакцияларына тасымалдайды.
БМҚ, ХСН
синтезі интенсивті жүретін тіндердің тіршілігін қамтамасыз ету
(мысалы, майлы тіндер, сүт бездері, бүйрек үсті бездерінің
қыртысты қабаты, бауыр) үшін НАДФН
2
қажет.
БМҚ-ның синтезі нашар жүретін тіндерде (мысалы, қаңқа
бұлшық еті, жүрек) пентозды цикл шамалы жүреді.
Күшті тотықсыздандырғыш ретінде НАДФН
2
токсиндік
заттарды, уларды, дарылерді, (гидроксильдеу реакциясы). NH
3
-ті
усыздандыруға қатысады (тотықсыздандыра аминдену).
Пентозды циклдың екінші маңыздылығы - пентоздардың
(рибозалар) түзілуі. Түзілген пентоздар нуклеотидтердің синтезіне
қатысады. Нуклеотидтер өз кезегінде нуклеин қышқылдарының
синтезіне жұмсалады және коферменттердің құрамына кіреді.
Пентозофосфатты цикл
-
пентозалардың артық мөлшерін
гексозаның қорына қайтару жолы болып табылады.
ПФЖ өте икемділігімен ерекшеленеді, ол метаболиттердің
жеткілікті болуы мен коферменттерінің арақатынасы арқылы
реттеледі.
ПФЖ – бүйрек, бауыр, бүйректің қыртысты қабатында,
эритроциттерде, сүт безінде белсендірек жүреді. Аталған тіндердің
басым көпшілігінде жоғары май қышқылдары және стероидтардың
биосинтезі жүреді. Бұл процестер жүру үшін НАДФН
2
қажет
болады.
ПФЖ-ды: тотықтырушы және тотықтырмайтын сатысы,-деп
екіге бөліп қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: