71
цитоплазмасында аэробты гликолиздің І-ші сатысында субстраттан
фосфорлану реакциясы кезінде 2 молекула АТФ түзіледі.
Митохондрияда ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилдену кезінде
түзілген 2НАДН
2
биологиялық тотығуға барып тотығады, содан соң
тотығудан фосфорлануға барып 6 АТФ түзеді. Бір молекула активті
сірке қышқылы ЦТК-да декарбоксилденіп, тотығып, жанады,
нәтижесінде 3 НАДН
2
, ФАДН
2
түзіледі, бұлар
биологиялық тотығу
тізбегінде қайта тотығады, бөлінген энергиядан 11 АТФ
синтезделеді және ЦТК-да түзілген 1 АТФ қосылғанда барлығы 12
АТФ болады.
Глюкоза ыдырағанда 2 молекула активті сірке қышқылы
түзіледі. Сол себепті әрқайсысы 12 + 12 АТФ, жалпы 24 АТФ
болады. Яғни, цитоплазмада 2 АТФ, митохондрияда түзілген 6
АТФ + 24 АТФ қосылғанда, 32 АТФ шығады және қосымша АТФ
түзіледі. Митохондрияда глицерофосфатты шөрнек механизмі
кезінде 4 АТФ, малат шөрнек механизмі кезінде 6 АТФ, нәтижесінде
1 молекула глюкоза толық тотыққан кезінде 36 немесе 38 молекула
АТФ түзіледі. [4].
2.9. Глюкоза тотығуының пентозофосфатты жолы
Глюкоза тотығуының негізгі жолы гликолитикалық болуына
қарамастан, глюкозаның арнайы қызметтер атқаратын тотығу
жолдарының бірі ретінде
пентозофосфатты жол (ПФЖ
)
деп
Достарыңызбен бөлісу: