Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


ПФЖ-ың тотықтырмайтын сатысы



Pdf көрінісі
бет65/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

ПФЖ-ың тотықтырмайтын сатысы. 
ПФЖ-ың тотықтырмайтын реакциялары фруктозо-6-фосфаттан 
басталып, пентозофосфаттардың түзілуімен аяқталады немесе 
пентозофосфаттың фруктозо-6-фосфатқа транстормациялануын 
қоса есептегенде, олар тотығу реакцияларының жалғасы болуы
мүмкін. 
ПФЖ-ың тотықтырмайтын сатысы бірнеше қайтымды 
реакциялардан тұрады. Осы реакциялардың нәтижесінде
рибулозо-5-фосфат рибозо-5-фосфатқа және ксилулоза-5-фосфатқа,
әрі қарай көміртегі фрагменттерін жалғау арқылы гликолиз 
метаболиттері – фруктозо-6-фосфат және глицеральдегид-3-
фосфатқа айналады. 
Бұл алмасуларға: 
эпимераза, изомераза, транскетолаза 
және
 
трансальдолаза ферменттері
қатысады. Траскетолазаның 


77 
коферменті қызметін тиаминдифосфат атқарады. Рибулозо-5-
фосфат екі түрлі ферменттің субстраты қызметін атқарады: 
Рибулозо-5-фосфат-3-эпимераза 
ферменті 
3-ші 
көміртегі 
атомындағы бір ОН-тобының стехиометриялық қалыбын 
өзгерткенде, рибулозо-5-фосфат ксилулозо-5-фосфатқа алмасады. 
Басқа фермент-рибулозо-5-фосфат изомераза рибулозо-5-
фосфаттың рибозо-5-форфатқа алмасу реакциясын катализдейді. 
Тотықтырмайтын сатыда түзілген рибозо-5-фосфат клетканы
рибозамен қамтамасыз етеді. 
 
(2.21). 
Бұл рибоза - нуклеотидтер, нуклеин қышқылдары және
дегидрогеназалар коферменттерінің құрамына кіре отыра,
олардың негізін құрушылар ретінде, құрылымдық компоненттері
қызметін атқарады. 
Транскетолаза мен трансальдолаза ферменттері екі- және үш-
көміртекті фрагменттерді тасымалдау реакцияларын катализдейді, 
сәйкесінше, көміртегі фрагментінің доноры ретінде кетозаны, ал 
акцепторы ретінде альдозаны қолданады 


78 
Бұл реакция екі сатыда жүреді: Бірінші донор молекуласынан 
көміртекті фрагмент бөлінеді, сосын осы фрагмент акцептор 
рөліндегі молекулаға тасымалданады. 
(2.22). 
Транскетолаза ПФЖ-ың тотықтырмайтын сатысында, екі 
реакцияны катализдейді. 
Бірінші реакцияда транскетолаза кетотоппен және 
ксилулозо-5-фосфат молекуласындағы көрші көміртегі атомының 
арасындағы С-С байланысты үзеді, нәтижесінде кетосахар 
альдозаға айналады, ал глицеральдегид-3-фосфат құрамындағы 
2 көміртегі атомына азаяды.
Екі көміртекті фрагмент бөлінuеннен кейін транскетолаза 
ферментінің 
каталитикалық 
орталығындағы 
кофермент 
тиаминдифосфатпен ковалентті байланысқан түрінде қалады. 
Әрі қарай, фермент 2 көміртекті фрагментті альдосахардың 
альдегидті тобына жалғағанда, кетоза седогептулозо-7-фосфат 
түзіледі. (2.21). [62]. Трансальдолаза 3 көміртекті фрагментті, 
седогептулозо-7-фосфаттан глцеральдегид-3-фосфатқа 


79 
тасымалдағанда, эритрозо-4-фосфат және фруктозо-6-фосфат
түзіледі. (2.22).[63].
Келесі реакцияда, транскетолаза 2 көміртекті фрагментті 
ксилулозо-5-фосфаттан эритрозо-4-фосфатқа ауыстырады. Реакция 
нәтижесінде фруктозо-6-фосфат және глицеральдегид-3-фосфат 
түзіледі. (2.23). [64]. 
(2.23). 
Тотықтырмайтын сатының барық реакциялары қайтымды, 
рибозо-5-фосфат ПФЖ-ың тотықтыратын сатысының өнімі 
рибулозо-5-фосфаттан изомераза ферментінің әсерінен
рибозо-5-фосфатқа ауысып қана қоймайды, сонымен қатар 
гликолиздің 
аралық 
өнімдері 
фруктозо-6-фосфат 
және 
глцеральдегид-3-фосфаттан түзіле алады. 
Гликолитикалық 
тотығу жолы өнімдерінен рибозо-5-
фосфаттың түзілуі келесі сызба ретінде ұсынылуы мүмкін: 
2 Фруктозо -6- фосфат + глицеральдегид -3-фосфат → 
2 Ксилулозо-5-фосфат + Рибозо-5-фосфат 
2 Ксилулозо-5-фосфат→ 2 Рибулозо-5- фосфат 
2 Рибулозо-5-фосфат → 2 Рибозо-5-фосфат 


80 
Метаболизмнің 
жапы 
нәтижесі 
бойынша 
ПФЖ-ың 
тотықтырмайтын сатысында 3 молекула рибулозо-5-фосфаттан 
2 молекула фруктозо-6-фосфат және 1 молекула глицеральдегид-3-
фосфат түзіледі. әрі қарай, фруктозо-6-фосфат және глцеральдегид-
3-фосфат глюкозаға айналып кетуі мүмкін. 
Осылайша, 5 молекула глюкоза түзілуі үшін: 4 молкула 
фруктозо-6-фосфат және 2 молекула глицеральдегид-3-фосфат 
немесе 6 молекула рибулозо-5-фосфат қажет болады. 
Қорыта 
келгенде, 
ПФЖ-ың 
тотықтырмайтын 
сатысы 
пентозаларды гексозалардың қатарына ауыстыратын процесс деп 
болжауға болады. Осы реакцияның өнімдері фруктозо-6-фосфат 
және ФГА гликолизге жұмсалуы мүмкін.
2 молекула ФГА-дан глюконеогенез арқылы фруктозо-6-
фосфат түзіледі. Осындай жолмен 6 молекула пентозо-5-фосфаттан 5 
молекула фруктозо-6-фосфат түзіледі. Фруктозо-6-фосфат глюкозо-
6-фосфатизомереза әсерінен 5 молекула глюкозо-6-фосфатқа 
айналады. 
Глюкозо-6-фосфат 
клеткадағы 
метаболикалық 
жағдайға 
байланысты, пентозды циклға жұмсалады немесе гликолиз жолымен 
тотығады және дефосфорланып гликогеннің синтезіне жұмсалуы 
мүмкін. [2]. 
Глюкоза тотығуының гликолитикалық
 
және пентозофосфатты 
жолдары бір-бірімен байланысты. Олардың бір қатар ортақ аралық 
өнімдері бар. 
Ұқсастықтары: екеуі де цитоплазмада анаэробты жағдайда 
өтеді және процесс глюкозо-6-фосфаттан басталады.
Гликолитикалық және пентозофосфатты тотығу жолдарының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет