Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет117/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Біріншілік семіздік
алиментарлы дисбаланс нәтижесінде 
жұмсалған энергиямен салыстырғанда тағам коллориясы жоғары 
болғанда пайда болады. Бұлай болу себептерінің 80%-да 
генетикалық бұзылыс, ішетін, жейтін тағамның мөлшері, физикалық 
белсенділік деңгейі және психологиялық факторлар болуы мүмкін. 
Адамдарда
семіру гені
– 
овеs dene
болады. Бұл геннің экспрессия 
өнімі -
лептин белогы
. Лептин белогы адипоциттермен синтезделіп 
секрецияланады және гипо-, адамдардың гипоталамусында 
лептин
белогы жалғасатын рецепторлардың генетикалық ақауы болады.
Нәтижесінде нейропептидтің (Y) секрециясы жалғаса береді, одан 
адамның араны ашылады, ол дене массасының артуына әкеледі. 
Екіншілік семіздік
– кейбір ауруларда көбінесе эндокриндік 
аурулар нәтижесінде семіздік дамиды.
Майлы бауыр 
– сау бауыр массасының 10%-ын липидтер 
құрайды және оның 5%-ы триглицеридтерден тұрады. Егер ТАГ-
дың мөлшері 10%- дан жоғары болса, май тамшылары 
гепатоцитьтердің жартысынан көбінде орналасқан болса
, стеатоз – 
бауырдың майланғанын көрсетеді. 
Бауырдың майлануы әсіресе, қант диабеті, семіздік, 
алкоголизм, улану, ашығу және гиповитаминоздар кезінде жиі 
байқалады. Бауырда май қышқылдарының тотығуы тежелгенде, 
ӨТТЛП-р түзілмейді, сондықтан липидтердің утилизациясы 
төмендейді. Бұл түрлі улану кезінде бауыр майлануының басты 
себебі болып табылады. [22]. 
Гепатоциттерде НАДН-тың тотықсызданған эквивалентінің 
артуы алкоголь және альдегиддегидрогеназалардың активті жұмыс 
істеуіне байланысты, клетканың редокс күйі липидтер синтезі үшін 
қолайсыз жаққа ауысуы гепатоциттерді зақымдайтын аутоиммунды 
процестерді қоздырады, т.б.
Гипотиреоз, 
Иценко –
Кушинг синдромы
және гипогонадизм 
семіздіктің дамуына әкеледі. Липидтердің синтезделу қарқыны 
бірқатар эндогендік және экзогендік факторларға байланысты 
болады. Жүйке жүйесі , эндокриндік жүйе, адамның жынысы,
жасы, тамақтануы әсер етеді. Липидтердің ресинтезі негізінен 


163 
көмірсулардың, әсіресе гликогеннің, бауыр мен май ұлпалардың 
болуына байланысты. Егерде гликоген ағзада жеткілікті мөлшерде 
болса, ал тамақтың құрамында майлар аз немесе мүлдем болмаса 
липидтердің синтезі қарқынды өтеді.
Тағамның құрамында липидтердің мөлшері майлардан
бірнеше есе көп мөлшерде кездессе, жоғары калориялы тағамның
кұрамы көмірсулардан липидтердің қарқынды синтезі жүреді. 
Керісінше, майлы тағаммен тамақтанған кезінде липидтердің 
синтезі баяулайды. Тамақтану кезінде тағамның құрамында 2-3% 
май; майға өте бай тағамдарды (15%) қабылдағанда липидтердің 
синтезі 90%-ға төмендейді. Ашығу кезінде липидтердің синтезі мен 
алмасуына ықпал етеді. Ұзақ уақыт ашыққанда қандағы және 
бауырдағы 
липидтердің 
мөлшері 
айтарлықтай 
өзгерістерге 
ұшырайды. Гормондардың әсерінен қандағы, бауырдағы және
майлы тіндердегі липид алмасуы мен құрамы өзгереді. 
Қалқанша безі гормондарының зат алмасуды арттыру арқылы 
тотығу процестерін күшейтетіні белгілі. Ағзада көмірсулар қоры 
жеткіліксіз болған кезде энергия көзі ретінде липидтер қарқынды 
жұмсалады, бұл қалқанша безі гормондарын (тиреотропты гормон) 
бірнеше рет егу арқылы жүзеге асырылады. 
Инсулин 
липидтердің 
ресинтезін 
әсіресе, 
бос 
май
қышқылдардың синтезін арттырады. Липид алмасуын реттеуде 
гипофиз жүйесі: бүйректің қыртысты қабатында түзілетін гормондар 
, бірінші кезекте кортизон, адренокортикотропты гормон (АКТГ) 
және де гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары және бүйрек үсті 
безінің басқада гормондары маңызды рөл атқарады. АКТГ, 
бүйректің қыртысты қабатына әсер етіп , липидтерден 
көмірсулардың пайда болуын қамтамасыз етеді. Кортизон мен АКТГ 
липидтерді перифериялық деполардан мобильдеп тіндер мен 
ағзаларға жұмсалуын стимулдейді , ал кортизон ең алдымен 
бауырдағы липид алмасуға әсер етеді. Кортизон мөлшерден артық 
болғанда бауырды май басады. Гипофиз – бүйрек үсті қыртысты 
қабаты 
гормондарының 
әсер 
ету 
механизмдері 
толық 
зерттелмегенмен, бұл жүйе липидтердің алмасуына , әсіресе қан 
және бауыр липидтері құрамының өзгеруіне әсер етеді. Бүйрек үсті 
безі алынған жануарда, майдың сіңірілуі бұзылады. Кортизон, 
гидрокортизон енгізген кезде қалпына келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет