Метионин
- алмастырылмайтын амин қышқылы, ағзаның
азоттық тепе-теңдігін сақтауға, бойдың өсуіне қажет, липотроптық
әсер етеді, бауырдың антитоксикалық қызметін жоғарылатады.
Метионин бауырдың улану арқылы зақымдануында, қант
диабетінде, атеросклерозда, созылмалы маскүнемдікте т.б аурудың
алдын алуға және емдеуге қолданылады.
Орнитин –
қан плазмасындағы аммиак концентрациясын
төмендетеді, ағзадағы қышқылды – сілтілік тепе – теңдіктің қалыпты
болуына септігін тигізеді. Гепатит, бауыр циррозы, бүйректік
энцефалопатия,бүйректік кома, алкогольдік бауыр зақымдануы
кезінде емге ұсынылады.
Гистидин
- алмастырылмайтын амин қышқылы. Гистидин
гидрохлориді асқазандағы, он екі елі ішектің ойық жарасын және
атероскелерозды емдеуге ұсынылады. Гистидин декорбоксилденсе
гистаминге айналады..
Глицин -
негізгі тежеуші нейромедиатор болып табылады,
тыныштандыратын әсері бар, ми тініндегі метаболизм процесін
жақсартады. Алкогольге деген құмарлықты төмендететін зат ретінде
ұсынылады.
Цистеин -
көз бұршағының зат алмасуына қатысады, катаракт
дамуын тежейтін зат ретінде қолдануға ұсынылған.
184
.
Таурин -
ағзада энергетикалық процестерді жақсартуға
септігін тигізеді, ОЖЖ – де тежегіш нейромедиатор рөлін атқарады,
тырысуға қарсы активтілігі бар.
Тауриннің ерекше қасиеттерінің бірі, көз тіндерінің травмалық
зақымдануы, көз торының дистрофиялық бұзылысы кезінде
репаративті процестерді стимульдеу қабілеті бар. [20].
4.6. Жеке аминқышқылдардың алмасуы
Белоктардың құрамында радикалдарының құрылымы бойынша
ерекшеленетін
20
аминқышқылдары
болатындығы
белгілі..
Катаболизмнің екінші кезеңінде аминқышқылдардың көміртегі
қаңқасы радикалдарының түрленуі жүреді. Бұр реакцияларды
катализдеуге кемінде жиырма шақты ферменттер қатысады. Осы
реакцияларға организм тұтынатын жалпы энергияның 10%-дай
бөлігі ғана жұмсалады. Катаболизмнің алғашқы сатыларында
аминқышқылдарынан бөлінетін азот ортақ метаболикалық бассейнге
қосылады. Организмнің қажеттіліктеріне қарай, ол анаболикалық
процестерге қайта тұтынуға түсуі немесе азот алмасуының соңғы
өнімдері мочевинаға қосылып, организмнен экскрециялануы мүмкін.
Аминқышқылдардың азотсыз көміртекті қалдықтары көбінесе
катаболизмнің ортақ жолдары арқылы өзгерістерге ұшырап,
кетоқышқылдарға
айналады.
Аминқышқылдардың
көміртекті
қаңқасынан түзілетін метаболиттер тікелей үш карбонқышқылы
цикліне қосылуы немесе пирожүзім қышқылына айналып ацетил-
KoA арқылы соңғы өнімдер CO
2
мен H
2
O-ға дейін ыдырауы мүмкін.
Организмнің қажеттіліктеріне байланысты аминқышқылдардың
азотсыз метаболиттері анаболикалық реакцияларға, глюкозаның
синтезіне («гликогенді аминқышқылдары» - аланин, аргинин,
аспарагин қышқылы, цистеин, глутамин қышқылы, глицин,
аспарагин, гистидин, метионин, пролин, серин, треонин, глутамин,
валин), липидтер синтезіне («кетогенді аминқышқылдары»- лейцин),
көмірсулар мен липидтер синтезіне («гликогенді» және «кетогенді»
аминқышқылдар
изолейцин,
лизин,
фенилаланин,
тирозин,
триптофан) жұмсалуы мүмкін. Аминқышқылдардың кетогендік және
гликогендік қасиетіне қарай жіктелуі шартты түрде болады, өйткені
кейбірінің аралық өнімдері көмірсулар мен липидтердің синтезіне
пайдаланылады.
185
Достарыңызбен бөлісу: |