Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Амин қышқылдардың сіңірілуі



Pdf көрінісі
бет130/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 Амин қышқылдардың сіңірілуі 
Белоктардың 
гидролизі 
нәтижесінде 
түзілген 
амин 
қышқылдары әр түрлі жылдамдықпен сіңіріледі. Бұл активті 
тасымалдану жүйесінің бар екендігін меңзейді. Амин қышқылдары 
екіншілік активті тасымалдану арқылы сіңіріледі. [16]. 
Белоктық тағамдарды қабылдағаннан кейін 30-50 минут 
өткенде қандағы аминқышқылдардың концентрациясы максимальді 
мөлшер көрсетеді. Амин қышқылдар негізінен АТФ-аза 
ферментінің және Nа+, К+ катиондары АТФ-азасының қатысуымен 
сіңіріледі. Натрий иондары клетканың ішіне қарай жылжығанда, 
амин қышқылдарын
 
қоса алып өтеді, ал ферменттің әсерінен натрий 
кері қайтады. Қазіргі таңда аминқышқылдар сіңірілуінің жаңа 
схемасы ұсынылған. Амин қышқылдарының сіңірілуі мембранада 
орналасқан γ-
глутамилтрансфераза 
ферментінің қатысуымен 
жүреді және бұл фермент әсер ету үшін 
глютатион
қажет.
Глютатионнан глу (γ-глутамил) қалдығы алынып тасталынады және 
клеткадан сыртқа шығарылады. Сол жерде бұл қалдық сіңірілуге 
тиісті амин қышқылымен жалғасады. Түзілген дипептид глутамил - 
тасымалданушы аминқышқылы ферменттің әсерінен клетка ішіне 
мембрана арқылы сіңіріледі. 
Клетка ішінде бұл дипептид құрам бөліктеріне ыдырайды. 
γ – глутамил глутатионның ресинтезіне жұмсалады. 


178 
Кем дегенде аминқышқылдарын тасымалдайтын 5 түрлі жүйе 
бар екендігі белгілі, олар: нейтралды, қышқылдық, негіздік, циклды, 
пролинді жүйелер. Осы жүйелердің қатысуымен амин қышқылдары 
сіңіріледі. Амин қышқылдарының максимальды сіңірілуі 12 елі 
ішекте және аш ішектің бас жағында жүреді. Амин қышқылынан 
басқа өте мардымсыз мөлшерде олигопептидтер (три және 
дипептидтер) сіңіріледі. Кейбір жағдайларда қорытылмаған 
белоктардың сіңірілуі орын алады. Мысалы: емшектегі нәрестеде 
анасының сүтіндегі антиденелер сіңіріледі 
Кей жағдайларда пептидтер мен қоздырғыштардың: күл, 
тырысқақ және ботулизмнің токсин белоктары сіңірілуі мүмкін. 
Бұлар айтарлықтай ірі молекулалы қосылыстар және олардың ішек 
кілегей қабаты арқылы тасымалдану механизмдері әліге дейін 
түсініксіз. Сіңірілген амин қышқылдарының біраз бөлігі ішек 
қабырғасы белоктарының синтезіне жұмсалады, біразы қақпа венасы 
арқылы бауырға тасымалданып қан плазмасы белоктарының 
авариялық қорын түзеді. Қалған амин қышқылдары бауыр 
клеткалары белоктарының синтезіне жұмсалады, үлкен қан айналым 
жүйесіндегі аминқышқылдарының 85-100% -ы 5 минут ішінде
тіндер мен клеткаларға тасымалданып үлгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет