Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет126/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

пернициозды анемия
пайда болады. [36]. 
Асқазанның тыстаушы клеткалары кілегей құрамына кіретін 
мукоидты секрет бөледі. Оның негізін муцин құрайды. Муциндер 
асқазанның кілегей қабатын асқазан сөліндегі протеолитикалық 
ферментердің әсерінен сақтайды. Протеиногенді аминдерден - 
серотонин және простагландиндер әсерінен асқазан және ұлтабар 
сөлдерінде сілтілі компоненттер мен муциндердің түзілуі күшейеді. 
Кілегей еритін және ерімейтін болып бөлінеді. Ерімейтін кілегей 
асқазанның ішкі жағын түгелдей қаптап тұз қышқылын 
байланыстырып пепсинді адсорбциялап қорғаныш қызметін 
атқарады. Ал еритін кілегей құрамында пепсин болады, ол 
белоктарды 
полипептидтерге 
дейін 
гидролиздейді. 
Асқазан сөлінде өте аз мөлшерде сүт, май қышқылдары, 
мочевина және басқа органикалық қосылыстар кездеседі. 
Асқазан сөлінде К
+
, Na
+
, NН
4
катиондары, сонымен қатар 
фосфаттар мен сульфаттар кездеседі. Соңғы екеуі (сульфат пен 
фосфат) қышқыл тұздар түзеді. Асқазан сөлінде асқазан бездерінен 
бөлінетін Са
+2
болады. Са
+2
асқазан ішіндегі заттармен бірге ішекке 
түсіп, энтерокиназа мен трипсиногеннің активтелуіне жұмсалады. 
Ұйқы безі сөлі. 
Ұйқы безінің сөлі – ұйқы безінің экзогенді 
функцияларының өнімі болып табылады. Ол түссіз, мөлдір, сілтілі 
реакция беретін сұйықтық. pН = 7,5-9,0-ге тең болады. pН 
көрсеткіші сөлдің бөліну жылдамдығына қарай өзгеріп отырады. 
Сөлдің бөліну жылдамдығы артқанда құрамындағы бикарбонаттар 
көбейеді және рН 9,0-ға дейін жоғарылайды. Сөлдің бөліну 
жылдамдығы азайғанда – рН 7,5-ке дейін төмендейді. 
Ұйқы безі сөлінің химиялық құрамы:
Ұйқы безінің сөлі 98-
99%-ы су және 1-1,5%-ы құрғақ қалдықтан тұрады. Құрғақ 
қалдықтың 0,5-0,8% органикалық заттар, 0,6-0,9% бейорганикалық 
заттар болып табылады. Органикалық заттары 0,4-0,5% белоктар
ферменттер, сиал қышқылдары, серотонин мен гистамин, амин 
қышқылдарынан тұрады. Бейорганикалық заттарды бикарбонаттар, 


174 
хлоридтер, К мен Nа катиондары құрайды. Ұйқы безінің сөлі қан 
плазмасымен изотонды, яғни, сапасы жағынан ұқсас болады. Көмір 
қышқылының түзілуін тездететін, және оны бикорбонат(НСО
3


анионына, 
сутегі(Н
+

катионына 
диссоциацияландыратын 
карбоангидраза ферменті бикарбонат иондарының түзілуінде 
шешуші рөл атқарады. Бикарбонат анионы өкпедегі ацинустардан 
келетін өзекті қаптап эпителий клеткаларының иондарымен бірге 
бөлінеді. Бөлінген бикарбонат иондарының белгілі мөлшері аш ішек 
ішіндегі заттарды нейтралдауға қатысады және ұйқы безі сөлі 
ферменттерінің әсер етуіне қажетті, рН оптимумды тиісті деңгейде 
ұстап тұрады. Маңызды иондардың бірі –хлоридтер.
 
НСО
3

және 
хлордың(Сl


концентрациясы 
әдетте 
тұрақты, 
дегенмен 
аниондардың салыстырмалы концентрациясы сөлдің бөліну 
жылдамдығына тәуелді болады. Сөлдің бөліну жылдамдығы төмен 
болғанда хлор анионы мөлшерінің көбейгені көрінеді, ал бөліну 
жылдамдығы жоғары болғанда бикарбонат анионының мөлшерінің 
жоғарылағаны байқалады. Негіздік бір валентті катиондар Nа
+
және 
К
+
, олардың мөлшері клетка сырты сұйықтықтағы иондардың 
концентрациясына тең болады.
 
Активсіз түрінде бөлінген ферменттер ішек қуысында 
активтенеді, ал активті түрде синтезделген ферменттердің 
активтенуіне он екі елі ішектің эффекторлары қажет. Осының бары 
ұйқы безін, аутолизден қорғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет