Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Ішек сөлі энтерокиназасы Са + қатысуымен активсіз



Pdf көрінісі
бет127/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 
Ішек сөлі энтерокиназасы Са
+
қатысуымен активсіз
 
трипсиноген
молекуласынан 
гексапептидті 
алып 
тастау
нәтижесінде активтеніп,
трипсинге
айналады. 
Трипсин барлық протеазалар мен фосфолипазалардың 
спецификалық активаторы болып табылады. Пепсин әсерінен кейін 
жартылай қорытылған белоктарға трипсин өте күшті әсер етеді. 
Әсіресе лизин мен аргининнің карбоксил топтарынан түзілген 
байланыстарды жеңіл үзеді. 
Трипсинмен 
активтенген 
химотрипсиноген 
алдымен 
химотрипсинге, дипептид бөлінгеннен кейін сигма-химотрипсинге, 
тағы бір дипептид бөлінгеннен кейін альфа химотрипсинге 
айналады. Олар көбіне триптофан, фенилаланин, тирозиннің 
карбоксил топтары түзген пептидтік байланыстарды үзеді. 
Прокарбоксипептидаза 
трипсинмен 
активтеніп, 

карбоксипептидаза
(А және В) түзеді, олар полипептидті тізбектің 
С шетіндегі пептидті байланыстарға әсер етеді. Активті 


175 
орталығында мырышпен берік байланысқан карбоксипептидаза 
полипептидті тізбектің С шетіндегі амин қышқылдары лизин және 
аргинин түзетін пептидтік байланыстардан басқа пептидтік 
байланыстарды гидролиздейді. В карбоксипептидаза құрамына 
лизин мен аргинин кіретін пептидті тізбектің С шетіне әсер етеді. 
Проэластазаны трипсин эластазаға айналдырады, коллагенді 
ыдырататын коллагеназа сияқты, 
эластаза
эластинді гидролиздейді. 
Панкреатид кезінде коллагеназа ұйқы безі тіндерінің өлуіне 
(некрозға) 
себеп 
болуы 
мүмкін. 
Ұйқы 
безінде 
экзо-, 
эндопептидазалар. Гликозидазалар: амилаза, мальтаза, лактаза, 
инвертаза түзіледі. 
Липаза ұйқы безінде активсіз күйінде бөлінеді, ол өт 
қышқылдарының 
тұздарымен 
активтенеді. 
Нуклеин 
қышқылдарының гидролизденуін қамтамасыз ететін нуклеаза да 
кездеседі. Ас қорыту ферменттерінен басқа АТФ-аза, холин 
эстераза, моноаминооксидаза және басқа ферментте болады. 
Ұйқы безі сөлінің ферменттік құрамы тағамының мөлшері мен 
сапасына, тамақтану мерзімі мен сипатына, өсімдік тектес тағам мен 
жануар тектес тағамдардың қатынасына байланысты болады. 
Ферменттердің белгілі бір бөлігі қанға түседі. Олардың қанда 
көбеюі ұйқы безі клеткаларының өлуі (некроз), өзектердің бітелуі 
немесе қабыну нәтижесінде клеткалар арасындағы ферменттер 
диффузиясының күшеюінен болуы мүмкін. 
Күрделі белоктардың қорытылуы простетикалық топтарының 
бөлініп шығуынан басталады. Белоктардың ыдырамаған кейбір 
бөліктерінің қорытылуы тоқ ішектегі микрофлора ферменттерінің 
қатысуымен әрі қарай жалғасады. Бұл процесс- белоктардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет