Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Асқазан сөлінің патологиялық құрам бөліктері



Pdf көрінісі
бет124/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Асқазан сөлінің патологиялық құрам бөліктері:
Бірқатар 
аурулар кезінде асқазан сөлінің физикалық-химиялық қасиеттері 
өзгереді. Осы өзгерістерді және олардың себептерін дер кезінде 
анықтаудың диагностикалық маңызы зор.
 
 
Патология кезінде асқазан сөлінің 
мөлшері
азаяды немесе көбеюі 
мүмкін. Асқазанның шырышты қабатының секреторлық қызметі 
бұзылғанда қышқылдылық төмендейді осының салдарынан гастрит
пайда болады. Емделмеген жағдайда қатерлі ісікке әкеледі. 
Асқазан сөлі қышқылдылығының жоғарылауы гастрит тудырады 
емделмесе, уақыт өте келе ол ойық жара ауруына айналады. 
Асқазанға
 
12 елі ішектен өт құйылғанда, ортаның қышқылдылық 
көрсеткіші күрт төмендегенде асқазан сөлінің түсі сары болады.
Ашық жасыл түсті болуының себебі, қышқыл ортада билирубин 
жасыл пигмент - биливердинге айналады. Асқазан сөлінде өттің 


171 
кездесуі көбінесе қышқылдылық төмендегенде, пилордың қызметі 
бұзылған кезде байқалады. 
Асқазан сөлі құрамында қан кездесуі мүмкін, мұның 
диагностикалық маңызы бар Сөл құрамында қан: асқазан жарасы, 
гастриттың кейбір түрлері, бауыр циррозы, өңеш тамырларының 
кеңеюі, асқазанның шырышты қабатын зондтың жарақаттауы, 
асқазандағы қатерлі ісіктің ыдырауы сияқты бірқатар себептерден 
пайда болады. Жаңадан көп қан кету кезіндегі асқазан сөлінің түсі 
алқызыл болады. Асқазан сөлінің құрамындағы тұз қышқылының
әсерінен гемоглобин гемотинге айналады. Гемотин сөлге қоңыр –
қызыл түс береді. 
Асқазан сөлінің қышқылдылығы күшейгенде өткір қышқыл иіс
пайда болады. Сөл қышқылдылығының төмендеуіне байланысты 
ашыту процестері күшейеді, осыған байланысты асқазан сөлінде 
ұшқыш май қышқылдары пайда болады, олар асқазан сөліне ашыған 
майдың иісін береді. Қатерлі ісіктер пайда болғанда, асқазанның 
пилорикалық 
бөлімінің 
тарылуы 
(стенозы) 
қышқылдықтың 
төмендеуімен қатар жүреді (бактерицидтік әсерінің болмауынан), 
асқазанда белоктардың шіруі орын алады, сондықтан асқазан сөлінен 
күкіртті сутегінің шіріген иісі шығады. 
қышқылдықпен Гиперхлоргидрия кезінде (жалпы қышқылдық 75-тен 
жоғары) асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылауынан асқазан 
жарасы және гастрит күрт асқынады.
Қышқылдылық төмендегеннен туындайтын гастритте, асқазанның 
қатерлі ісігінде, бауыр мен өт жолдары ауруларында жалпы 
қышқылдылықтың және бос HCL-дың мөлшері азаяды.
(гипохлоргидрия қышқылдылық˂30). 
Созылмалы гастрит, асқазанның қатерлі ісігі және қатерлі 
анемия кезінде ахлоргидриям (бос тұз қышқылының жетіспеуі) 
немесе ахилия ( бос HCL жоқ) болуы мүмкін. Бұл кезде асқазан сөлі
сілтілік реакция көрсетеді және оның протеолитикалық активтілігі 
жоғалады. 
Қалыпты жағдайда асқазанда сүт қышқылының іздері ғана 
кездесетін болса, гипо- немесе ахлоргидрия кезінде лактобактериялар 
көбейіп, көмірсуларды ыдыратады нәтижесінде лактаттардың
асқазан сөлінде көп мөлшерде жиналуы мүмкін. 
Асқазан сөлінің құрамында басқа патологиялық компоненттер: 
ацетон қоспасы, (ауыр қант диабетінде), мочевина және басқа азотты 
қалдықтар (бүйрек ауруы кезінде) және шырыштың мөлшері


172 
( HCL-дың болмауынан туындайтын гастрит) жоғарылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет