168
түсуі немесе белокты тағамдарды мүлдем қабылдамай қою
қайтымсыз
патологиялық
құбылыстарға
әкеледі
(мысалы,
Квашиоркор ауруы). [11].
Белоктар пластикалық қызмет атқаратын заттардың көзі
болғандықтан, олардың энергетикалық заттар ретіндегі рөлі аз.
Тәулігіне 70 г аминқышқылдары ыдырайды, бұдан 1200 кДж
энергия өндіріледі; бұл адам организмінің тәуліктік қажетті
энергиясының 10 %-ын құрайды, 1гр белок ыдырағанда 17,2 кДж
энергия бөлінеді.
Белоктар организмге тағаммен міндетті түрде түсіп тұруы
қажет. Тағам белоктарының биологиялық құндылығы бірдей
болмайды: ол аминқышқылдың құрамымен анықталады. Құрамында
алмастырылмайтын амин қышқылдары түгел кездессе, олар құнды
белоктарға жатады. Белоктардың құндылығы олардың қорытылу
дәрежесіне де тәуелді болады, мысалы, кератин қорытылмайды,
сондықтан оның тағамдық
құндылығы болмайды.
Т
ағам
белоктарының биологиялық құндылығы олардың аминқышқылдық
құрамына және қорытылу дәрежесіне байланысты. Тағам
белоктарының адам ағзасындағы белоктарға ұқсас болған сайын,
құндылығы арта түседі. Құнды белоктарға -ет, сүт өнімдері,
жұмыртқа, уылдырық т.б. жатады, себебі олардың құрамында
алмастырылмайтын амин қышқылдары толық болады.
Белок
құрамының
Халықаралық
шартты
үлгісінде
алмастырылмайтын амин қышқылдарының үлесі 31,4%-ы құрайды.
Адам организміне түсіп жатқан белоктардың қаншалықты жеткілікті
екендігін анықтау үшін
Достарыңызбен бөлісу: