189
тасымалдау үшін пайдаланылмайды. Әрі қарай фенилаланин мен
тирозиннің алмасуы бірге жүреді.
2.Тирозин трансаминденгенде
п- гидроксифенилпируватқа
айналады, реакцияны тирозинтрансаминаза катализдейді.
3. n-Гидроксифенилаланинпируват гидроксилаза
ферменті
(құрамында Cu бар диоксигеназа) п-гидроксифенилпируваттың
Фенол сақинасын декарбоксилдеу және гидроксильдеу арқылы
гомогентизатқа айналдырады. Бұл реакцияның жүруі үшін аскорбин
қышқылы қажет болады.
4. Гомогентизатоксидаза
(құрамында темірі бар фермент)
гомогентизатты ыдыратады және бірқатар аралық сатылардан соң
фумарат пен ацетоацетат түзіледі. Фумарат ҰКҚЦ-ның аралық өнімі
және ол глюконеогенездің прекурсоры ретінде жұмсалуы мүмкін.
Ацетоацетат – кетондық дене болып табылады.
5. Меланиннің синтезі.
Меланин синтезі меланосомаларда жүреді, олар
мелоноциттерде
терінің пигмент түзетін клеткаларында, шаш құрамында кездеседі. Т
ирозиназа (құрамында Cu болаты оксигеназа) тирозинге гидроксилто
бын жалғап, 3,4 –дигидроксифенилаланин (ДОФА) түзеді.
ДОФА бірнеше аралық сатылардан соң, меланинге айналады. Тері
түсінің қара және қызыл болуы осы түстердің ара-қатынасымен
анықталады. Ол бірнеше факторларға: генетикалық немесе қоршаған
ортаның әсерлеріне байланысты болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: