191
Белок тапшылығы.
Белок тапшылығы толық және ішінара ашыққан кезде, сондай-ақ
құрамында белогы өте аз кездесетін тағамдармен қоректенгенде
орын алады. Биологиялық құндылығы төмен өсімдік тектес
белоктардың басым болуынан теріс азоттық баланс дамиды, сонымен
қатар коллойдты-осмостық және сулы-тұзды тепе-теңдіктер
бұзылады. Тағамдық дистрофияның ауыр түрлерінде, мысалы:
квашиоркорде бауырдың ауыр зақымдануы байқалады, өсу тежеледі,
сулы-тұзды алмасу бұзылады организмнің спецификалық емес
төзімділігінің төмендеуіне алып келеді. [12].
Достарыңызбен бөлісу: