Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Бүйрек үсті безі қыртысты қабатының гормондары



Pdf көрінісі
бет243/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Бүйрек үсті безі қыртысты қабатының гормондары. 
Бүйрек үсті безі қыртысты қабатында синтезделген гормондар 
холестериннің туындылары 
кортикостероидтар 
(КС) деп аталады. 
Олардың саны жүзге жетеді, тек 10-ында ғана гормондық активтілігі 
бар, басқалары Кортикостероидтар алмасуының аралық өнімдері 
болып табылады. 
Бұл гормондардың құрылымында: 
1. Циклопентанпергидрофенантреннің сақинасы; 
2. «А» сақинада С
4,
С

арасындағы қос байланыстың болуы; 
3. С
3
-те кето тобының болуы тән. 
Әсер етуі -
цитозольді механизм бойынша әсер етеді. 
Физиологиялық әсері - 
зат алмасуға әсер етуіне қарай КС-
тарды үшке бөледі: 
1. глюкокортикостероидтар (КС); 
2
.
минералкортикостероидтар(МКС);
 
3. адренокортикостероидтар(АКС) немесе андрогендер. 
Бұл гормондар бір-бірімен құрылысы жағынан ұқсастығына 
қарай шартты түрде үш топқа бөлінген, яғни бір топқа жататын 
гормон өзіне тән ерекше әсеріне қоса тағы басқа гормондардың 
әсерін бере алады. 
Кортикостероидтар – бүйрек үсті безінің шоғырлы аймағында 
синтезделеді. Осы топқа жататын гормондардың ішінен активтілігі 
ең 
жоғарысы 
кортизол 
(гидрокортизон), 
екінші 
орында 
кортикостерол, ал кортизонның активтілігі төмен. (8.14). [142].
Қан плазмасында арнайы глобулиндермен байланысып
транскортин түзеді және альбуминдермен байланысуы мүмкін. 
Белоктармен байланысқан түрінде кортизолдың активтілігі уақытша 
тежеледі, тіндерде белоктан ажырағанда активтілігі бұрынғы 
қалпына келеді. [12]. 
Кортизол мен кортизонда С
17 
(ОН) тобы болғандықтан оларды 
17-оксикортикостероидтар (17-ОКС) деп атайды. 
Кортизол мен кортикостеронда С
11
-де (ОН) тобы бар, 
сондықтан олар ІІ ОКС деп аталады. 
Сонымен барлық КС-терде С
11
оттегі бар, КС-тердің 
биологиялық әсері осы оттегіне байланысты. ГКС-тар қор ретінде 


332 
жиналмайды, сондықтан организмге қажет кезінде холестериннің 
түзілуін жақсы реттейді, ал холестериннен МКС түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет