Калий, биологиялық рөлі, алмасуы, реттелуі. Калий клеткаішілік катион болып табылады. Калийдің қан
плазмасындағы мөлшері 4-4,5 ммоль/л, эритроциттерде – 115
ммоль/л тең. Тәуліктік қажетті мөлшері 2-3 грамды құрайды.
Калий - банан, апельсин, ананас, помидор, бауыр, бұршақ
дақылдарында, кокос жаңғағы құрамында көптеп кездеседі.
Биологиялық рөлі: 1. Клеткаішілік осмостық қысымды түзеді және бір қалыпта ұстап
тұруға қатысады.
2. Қышқылдық-сілтілік тепе-тендікті және су балансын реттейді.
3. Калий натримен бірлесіп электрохимиялық потенциал түзуге
қатысады ( Na
+
, K
+
-
АТФ-аза
).
4. Кейбір ферменттердің (пируваткиназа) қызметтеріне және
рибосомадағы белок биосинтезінің жүруіне қажет.
5. Жүйке импульсінің өткізуінде маңызды рөл атқарады.
6. Жүйкелік-бұлшықеттік қозуға әсерін тигізеді.
7. Клеткалар мен бұлшықеттердің жиырылуына қатысады.
8. Ферменттердің активтенуіне катысады.
Алмасуы мен реттелуі. Калий Na
+
K
+
- АТФ-азаның
қатысуымен сіңіріледі. Адам ағзасында 140 гр. калий болады.
Организмге тәулігіне тағам арқылы 3 – 4 гр калий түседі. Ол
аш ішектің проксимальды бөлігінде сініріледі.
Калийдің Т ½ (жартылай алмасу уақыты) – 30 күндей. Калий
тәулігіне зәр арқылы 3 гр; тер арқылы 0.1 гр; нәжіспен 0.4 гр
ағзадан шығарылады.
Қан плазмасының құрамында К
⁺
аз болуына қарамастан, оның
концентрациясы өте қатаң реттеледі. К
⁺
-ң клеткаға түсуін
адреналин, альдостерон, инсулин және ацидоз күшейтеді. К
⁺
- ның
жалпы тепе-тендігінің реттелеуі бүйрек деңгейінде жүреді. [34].
Альдостерон - калий каналшалары арқылы, калий ионының
секрециалануын стимульдейді және бөлінуін күшейтеді.
Гипокалиемия кезінде бүйректің реттеуші мүмкіндігі азаяды.
Қан плазмасында калий концентрациясының қалыпты
мөлшерден жоғарылауы - гиперкалиемия ( 6 ммоль/л –ден көп)
кезінде жүрек аритмиясы, жүрек қарыншасының фибрилляциясы
мен асистолиясын шақыруы мүмкін.
357
Гипокалиемия кезінде 1% немесе 4 % калий хлориді және
калий-магний аспарагинатты қабылдауға болады.
Қан плазмасында калийдің концентрациясы 3,0 ммоль/л –н
төмендеген жағдайда, оларды тамырға егу арқылы қабылдайды.