Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


  Фосфор, биологиялық рөлі, алмасуы



Pdf көрінісі
бет267/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 


360 
Фосфор, биологиялық рөлі, алмасуы. 
Организмде фосфордың мөлшері шамамен 1,0 кг құрайды. 
Барлық фосфордың 80 %-ы Са
+
-мен кешен тұзу арқылы қаңқа 
сүйектері мен тіс сүйектері құрамында, 10%-ы бұлшықеттер мен қан 
құрамындағы белок, липид, және көмірсумен кешен құрамында 
кездеседі, ал қалған 10 %-ы басқа органикалық қосылыстырдың 
құрамында кездеседі. 
Биологиялық рөлі: 
1. сүйек тіні құрылымының қалыптасуына (кальциймен бірге); 
2. ДНҚ, РНҚ, АТФ, ГТФ, креатинфосфат, фосфолипид, 
фосфопротеиндер, коферменттер- НАДФ
+
, пиридоксальфосфат 
сияқты маңызды органикалық қосылыстардың түзілуіне; 
3. макроэргтердің түзілуіне; 
4. субстраттардың фосфорлануына (активтенуі); 
5. қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті сақтауға
6. зат алмасудың реттелуіне (фосфорлану-дефосфорлану) ; 
7. фосфатты буферлік жүйенің түзілуіне қатысады. 
Алмасуы
- фосфордың тәуліктік қажетті мөлшері кальцийдің
түсуімен анықталады. Ересек адамдарда кальций мен фосфордың 
оптимальды арақатынасы Са: Р - 1:1 (күніне 800мг), ал балаларда
2:1 – ге тең болады. Фосфор сүт, дара жарнақты дәнді- дақылдар,
ет, жұмыртқа және көкөністердің жасыл бөліктері құрамында 
кездеседі. Фосфордың сіңірілуі аш ішекте жүреді.
Егер тағам құрамындағы кальций мен фосфордың 
арақатынасы 1:2 – 2:1 болған жағдайда сіңірілуі опимальді жүреді. 
Қан сары суында фосфор ( 40 % ) бос күйінде, катиондарм 
бірге, кешен құрамында (50 %), ал шамамен ( 10 %) белоктармен 
байланысқан түрінде кездеседі. [34]. 
Клетка құрамындағы фосфаттарға қарағанда, қан плазмасы 
құрамында 30-40 есе көп. Клеткадағы органикалық фосфаттың
концентрациясы бейорганикалықпен салыстырғанда дерлік 100 
еседей жоғары. 
Қан плазмасында бейорганикалық фосфаттың мөлшері басым 
келеді, олар клеткаға түсіп, әртүрлі молекулалардың фосфорлану 
реакцияларына жұмсалады. 

 
Ағзадағы фосфор 650 гр. құрайды. Оның: 85% қанқада, 14% 
жұмсақ тіндерде, 1% клеткаарлық сұйықтықта кездеседі. Ағзаға 
тәулігіне шамамен 2 гр түседі, оның 70% -ы сіңіріледі. 


361 
Кальцийдің Т
1/2 
(жартылай алмасу уақыты) жұмсақ тіндерде 
20 тәулік, қаңқада 4 жылдай болады.
Фосфор ағзадан тәулігіне: зәрмен бірге 1,5 гр, нәжіспен 0,5 гр, 
тері арқылы шамамен 1 мг шығарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет