Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Кальций мен фосфор алмасуының реттелуі



Pdf көрінісі
бет268/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 
9.3. Кальций мен фосфор алмасуының реттелуі 
 
Кальций концентрациясын сақтауда қолдау көрсететін 
механизмдерге үш гормон: паратгормон, кальцитриол, 
кальцитонин қатысады, олардың әсер ететін органдары, яғни 
нысана клеткалары – сүйек, бүйрек және ішек тіндері клеткалары.
 
Паратгормон (ПТГ)
– қандағы Са
+
-ің концентрациясы 
төмендеген кезде, қалқанша маңы безінде синтезделеді. 
ПТГ нысана тіндер клеткалары мембраналарының беткі 
жағында орналасқан рецепторлармен байланысып, аденилатциклаза 
ферментін активтейді, активтенген фермент цАМФ және С 
фосфолипазаның концентрациясын жоғарылатады, нәтижесінде 
клеткаішілік деподан кальций мобилизацияланады.
ПТГ сүйек тініндегі остеокластарды стимульдеу арқылы
сүйектің деструкциясын күшейтеді, осының салдарынан кальций 
мен фосфор және органикалық матрикс босап шығады. Осылайша, 
кальцийдің сүйек тінінен шығарылуы артады. ПТГ бүйректе 
иондардың реабсорбциясын стимульдейді және Д дәруменінің Д
3
алмасатын активті формасына айналуын күшейтеді. Қалыпты 
жағдайда, шумақтық фильтрат құрамындағы Са
+
- ның 90 % 
реабсорбцияға ұшырайды. ПТГ бұл көрсеткішті 98 %-ға дейін
арттыра алады. [34]. 
ПТГ фосфордың реабсорбциясын және натрий, калий және 
бикарбонаттардың тасымалдануын тежейді. ПТГ ішектің кілегей 
қабатына тікелей әсер етпейді, бірақ бүйректе Д-дәруменінің 
алмасатын активті формасына айналуына септігін тигізеді, өз 
кезегінде активті Д дәрумені кальцийдің ішекте сіңірілуін жүзеге 
асыратын, кальций тасымалдаушы белоктың синтезделуін
стимульдейді, 
нәтижесінде 
кальций 
тасымалдаушы 
белок 
кальцийдің сіңірілуін қамтамасыз етеді. 
Кальцитриол 
– Д дәруменінің алмасатын активті формасы- 
7- дигидрохолестеролдан теріде түзіледі немесе тағаммен түседі. 
Бауырда 
гидроксилазаның 
қатысуымен 
Д 
дәрумені
гидроксильденіп, 25-гидроксихолекальциферолға айналады, сонан 


362 
соң бүйректе 1-ші көміртегі атомына гидроксил тобын жалғау 
арқылы, 1,25 дигидроксихолекальциферол немесе кальцитриолға 
айналады. Кальцитриолдың негізгі қызметі, кальций мен фосфордың 
ішекте сіңірілуін стимульдеу болып табылады. 
Кальцитриол- ішек клеткасы мембранасында болады. Ол 
градиент концентрациясына қарсы, кальцийдің тасымалдануына
қолайлы жағдай жасайды. Кальцитриол жалғыз сигналды 
молекула болып табылады. Кальцитриол: 
1. Кальций мен фосфорды ұстап алып, мембрананың қылшық
жиегі мен микротүтікшелер арқылы тасымалдау; 
2. Шырышты клетка мембраналары арқылы тасымалдау; 
3. Базальды мембрана арқылы клеткадан тыс сұйықтыққа 
экскрециялау қызметтерін атқарады. Кальцитриол – қан сары 
суындағы кальцийдің концентрациясын жоғарылатады. Ол – ПТГ-
ың бүйректе кальцидің реабсорбциясын күшейтуге қабілетті. 
Сүйекте кальцитриол остеобластардың кальциді ұстауына 
және сүйек тінінің кальцинациялануына ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет