11.5. Қан плазмасының органикалық азотсыз құрамы Глюкозаның қандағы мөлшері 3,4-5,6 ммоль/л. Қан плазмасы
мен қанның формалық элементтеріндегі глюкозаның мөлшері бірдей
болады. Қанда глюкоза мөлшерінің жоғарылауы
гипергликемия деп аталады. Гипергликемия физиологиялық және патологиялық
болып екіге бөлінеді. [16].
Физиологиялық гипергликемия көмірсуларға бай тағамдарды
шамадан тыс пайдаланғанда байқалады, жылдам өтеді және
уақытша пайда болады.
Патологиялық гипергликемия – қант диабеті, бүйрек үсті безі
қызметінің шамадан тыс артуы, мида қатерлі ісіктің болуы т.б.
жағдайларда кездеседі.
Қандағы глюкоза мөлшерінің азаюы
гипогликемия деп
аталады.Ұзақ уақыт ашыққанда, ұзақ ауыр жұмыс істегенде, ұйқы
безінде инсулиннің көп түзуінен және оны емдеуге артық дозада
қолданғанда байқалады.
Глюкоза
жүйке
клеткасының
негізгі
қоректік
заты
болғандықтан, гипогликемия кезінде адамның басы айналады, суық
тер бөлінеді, аяқ-қолы әлсірейді, буындары босайды, асқынған
жағдайда әлсіздікке әкеліп соғады. Бұл жағдай бірнеше рет
қайталана берсе және ұзақ уақыт жүрсе жүйке клеткаларында
қайтадан қалпына келмейтін өзгерістер байқалады.
Глюкозаның қандағы мөлшері көптеген гормондардың әсерінен
тұрақтандырылады. Олардың қатарына: инсулин, глюкаген, ГКС, А
және НА жатады.
Инсулин клетка мембранасы арқылы глюкозаның клетка ішіне
өтуін күшейтеді. Сондықтан, глюкозаның қандағы мөлшері азаяды,
ал басқа гормондар керісінше әсер етеді, клетка мембранасынан
глюкозаның
өтуін
төмендетеді,
гликогеннің
фосфоролизін
жылдамдатады.
Сүт қышқылы - анаэробты гликолиз реакциясы арқылы пайда
болады да, гликоген түрінде бауырда жинақталады. Қалыпты
жағдайда оның мөлшері 0,8-1,2 мМ/л-ге тең. Организмде оттегі
жетпеген барлық жағдайлар сүт қышқылының тіндерден қанға
410
түсуіне әкеледі. Бұл жағдай өкпе қабынғанда, қан айналысы
нашарлағанда, жүрек ауырғанда байқалады.