Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Қанның осмостық және онкотикалық қысымы



Pdf көрінісі
бет316/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

11.7. Қанның осмостық және онкотикалық қысымы 
Организмнің ішкі ортасының алуан түрлі көрсеткіштерінің 
арасынан, осмостық және онкотикалық қысымдары негізгі 
орындардың бірін алады. Олар ішкі ортаның қатаң гомеостатикалық
константалары болып табылады және олардың ауытқуы
адам өміріне қауіп тудырады.[25]. 
Қанның осмостық қысымы
тұз ертінділері арасындағы
немесе басқа әртүрлі концентрациялы кіші молекулалы 
қосылыстардың шекарасында пайда болатын қысым болып 
табылады. Оның көлемі қан плазмасында еріген, осмостық активті 
заттардың (электролиттер, электорлит емес заттар, белоктар), 
концентрациясымен анықталады және клеткааралық сұйықтықтың
клеткаға немесе керісінше, судың тасымалдануын реттейді. 


413 
Қалыпты жағдайда, қан плазмасының қысымы 290 ± 10 
мосмоль/кг (орташа 7,3 атм. ) тең болады. Қан плазмасы осмостық
қысымының шамамен 80% -ын толық ионизирленген натрий
хлориді қамтамасыз етеді. 
Осмостық қысымы қан плазмасындағыдай болатын ертінділер 
изотоникалық
деп аталады. Осындай ертінділерге: 0.90% NaCI
және 5,% глюкоза ертіндісі жатады. 
Қан плазмасымен салыстырғанда, осмостық қысымы төмен
ертінділерді 
гипотоникалық
, ал керісінше осмостық қысымы 
жоғары ертінділерді
гипертоникалық 
деп атайды. 
Қан, лимфа және тіндер мен клеткаішілік сұйықтықтардың
осмостық қысымдары, шамамен бірдей және айтарлықтай тұрақты
келеді, бұл клетканың қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге
қажетті константа болып табылады. 
Қанның онкотикалық қысымы
қан белоктарымен 
түзілетін, қандағы осмостық қысымның бір бөлігі болып табылады. 
Қанның онкотикалық қысымның көлемі 25-30 мм.сн. бағ. 
аралығында ауытқиды. Альбуминдердің өлшемдері шағын және қан 
плазмасы құрамындағы мөлшері көп болғандықтан, олар
онкотикалық қысымның 80% -ын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет